Кітап оқу туралы қызықыт мәліметтер. Кітапхана. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: 9-бөлім: (№1) Әлемдегі ірі кітапханалар | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кабденова С. К. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | О4. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: көпшілік оқырма, кітап сөрелерінде, тіл үйренуші магистранттар, бір уақ арқаны кеңге салып т. б. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; Мені таң қалдырды, айтар болсам, өз ойымды ... сабақтар едім, қызықтырар жайттар т. б. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Отансүйгіштік, денсаулық, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих | |||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Отырар, Александрия кітапханалары | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 5 минут | Адамның досы – кітап, өмір кілті,Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.Тұрады басын құрап әріп неден,Басталған білім басы әліппеден.Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,Оқысақ кітап сырын ашып неден.Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп. Өлеңді оқып, мәнін ашыңыздар. Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер хабарланады. Оқушылар санау арқылы төрт топқа бөлінеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 15 минут 10 минут | Оқылымалды тапсырмасы Оқылым мәтініне қатысты сұрақтар қою арқылы олардың назарын тапсырмаға аударады.
Оқылым тапсырмасы Екі мәтінді оқып шығып, салыстырыңыз. 1-мәтін Қазір Астана қаласында 18 мемлекеттік кітапхана бар екен. Оның 7-еуі балалар мен жасөспірімдерге, 1-еуі зағип жандарға, қалғаны көпшілік оқырманға арналған. Кітапхана 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал қаладағы ең ірі кітап дүкендерінің бірі – «Меломан». Бұл сауда желісіндегі кітап дүкендері қаланың үш бірдей сауда және ойын-сауық орталығынан ашылған. Оның оқырмандармен жұмыс уақыты 10:00-ден 22:00-ге дейінгі аралықты қамтиды. Бұдан тыс кітап дүкенінде оқырман үшін қалаған кітапты алаңсыз оқуға барлық жағдай жасалған. Сондықтан болар кітапханалар мен басқа кітап дүкендерінен гөрі кешкі уақытта «Меломанға» келушілер саны өте көп. Елордада «Игілік» қоғамдық қорының қолдауымен ашылып сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейтін «Books and coffee» атты кітапхана мен кофехана қызметтерін үйлестірген өзгешелеу орталық бар. Оны 2009 жылы А.Л.Ким есімді корей ұлтының азаматы ашқан. Кітапханаға 10 мыңнан аса кітап қойылған. Оның 95 пайызы – ағылшын тілінде. Кітапханаға жазылу құны – жылына 4 мың теңге. Сондай-ақ мұнда ағылшын тілін үйрету мен дамытуға бағытталған клуб бар. «Books and coffee» кітапханасына келушілердің көбі студенттер мен ағылшын тілін үйренуші магистранттар. Тіпті қаладағы 40-қа жуық жоғары оқу орындарының өзінде студенттер күндізгі бөлімде оқиды. Демек, кітапхананың жұмыс тәртібін ұзарту және біртіндеп тәуліктік режімге көшу оқырман үшін ауадай қажет. Бұл туралы Астана қаласындағы «Қазбілім» орталығының директоры Аятжан Ахметжан былай дейді: «Қала – күйбең тіршіліктің ортасы. Сондықтан бір уақ арқаны кеңге салып, кітап оқитын рухани ортаның болғаны өте маңызды. Сол үшін тәуліктік кітапхананың болуы қажет деп ойлаймын. Өйткені кітапхана – кемел руханияттың бастауы. Ал біздегі кітапханалар кітап оқитын орта емес, мұражайға айналып барады». Өркениетті елдерде бұл жүйе жолға қойылған. Айжамал КӨПЕЕВА 2-мәтін Алғашқы кітапты осыдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын вавилондықтар, ассириялықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты. Біреулер ол кітаптарды өздерінің қолындағы оқулықтар сияқты болар деп ойлап қалуы мүмкін. Ол кезде мұндай кітаптар қайдан бола қойсын, алғашқы кітаптар балшықтан жасалыпты. Онда ойыншық кітап деп ойлар тағы біреулер. Тіпті де олай емес. Оқитын кітап. Ол қалай жасалады дейсің ғой? Жұмсақ балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген. Содан соң отқа күйдірілген. Дәл күйген кірпіш сияқты. Сөйтіп, тіпті кітапхана жасақталған. Ал Қытайда бамбуктан жұқа таяқшалар әзірленіп, соған жазған. Таяқшалар жіпке тізіп қойған. Келе - келе жазуға жібек маталарды пайдаланған. Біздің заманымыздың II ғасырында қағаз дүниеге келген. Ал Ежелгі Египет кітап сөздерін тасқа қашап жазған. Біздің жартастағы жазуларды өздерің де көзбен немесе суретінен көрген боларсыңдар. Ежелгі ата - бабаларымыз да сөйткен ғой. Одан кейін папирусқа, қамыс тәрізді өсімдіктің жапырағынан нығыздап, бір - біріне желімдеп соған жазған. Ондай кітаптардың ұзындығы ондаған метрге жеткен. Ондай кітаптарды қалай сақтаған? Шиыршықтап орап түтікшеге салып қойған. Грекия, Рим 2 мың жыл бойы осындай кітаптар шығарып келген. Біздің заманымыздың II ғасырында Пергам патшалығында кітап жазуға арналған тағы бір материал дүниеге келген. Ол пергамент деп аталған. Жануарлардың терісінен әзірленген. Ал пергамент патшалығы б. з. д. 283 - 133 жылдар аралығында Кіші Азияның солтүстік батыс жағында өмір сүрген. Римнің ықпалында болған. Папирус пен пергамент қымбатқа түскендіктен Грекия мен Рим бетіне балауыз жағылған тақталарға үшкір таяқшамен із қалдырып жазған. Осылай кітап қазіргі күйіне жету үшін қаншама заманды, қаншама ғасырларды артқа тастаған.
1-топ:
2-топ:
3-топ:
4-топ:
Оқылымнан кейінгі тапсырма
| https://egemen.kz/article/163350-tauliktik-kitapkhana-kerek http://bilimsite.kz/ | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия «Менің сөзім» әдісі Сыныптан бір оқушы тұрып сабақта не болғанын қорытындылап айтады. Айтып болған соң басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабақ бойынша рефлексия жасайды. Сөйтіп барлық оқушы сөйлеп болғанша жалғасады. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?