ЭКСПО-дағы кітапхана көрмесі. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 9-бөлім: (№1)

Әлемдегі ірі кітапханалар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кабденова С. К.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

ЭКСПО-дағы кітапхана көрмесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау

 Сабақтың мақсаттары

Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау

 Бағалау критерийлері

  • Мәтіндерді түсініп оқиды;
  • Қателерді түзетеді;
  • Себебін түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: көз тартарлық, болашақ энергиясы, жеңісі мен демісі, мақтан ететін нысандар т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Мені таң қалдырды, айтар болсам, өз ойымды ... сабақтар едім, қызықтырар жайттар т. б.

Құндылықтар

Кітап оқуға деген қызығушылық, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас.

Пәнаралық байланыс

Тарих

Осыған дейін меңгерілген білім

Кітап оқу туралы қызықты мәліметтер. Кітапхана.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 минут

Шаттық шеңбері.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

(Балалар шеңбер бойында тұрады. Қолды алға созу. Қолды кеудесіне қою. Басты төмен ию).

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер хабарланады.

Сабақтың ортасы

7 минут

15 минут

10 минут

Жазылымалды тапсырма

ЭКСПО-2017 көрмесі туралы не білесіздер? Көрмеге қатыстыңыздар ма? Ондай қай елдерің көрмесі ұнады және неліктен ұнады?

ЖЖ. Жазылым тапсырмасы

Мәтіндегі грамматикалық, пунктуациялық қателерді дұрыстаңыз, оларды түсіндіріңіз.

«ЭКСПО-2017» - Тәуелсіздік жемісі кітап көрмесі өтті

 «ЭКСПО-2017 егемен елдің жемісі» атты келесі бөлімде осы көрме аясында елімізде жүрып жатқан қызу дайындықтар бастамалар құрылыс алаңдары жайында әдебиеттер қойылған.

 «Тәуелсіздік тұмарым, Мәңгілік ел тұрағым» деп аталатын үшінші бөлім еліміздің тәуелсіздігіне арналған. Тәуелсіздік айшықтары, Елбасымыз Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясаты, Елордамыз Астананың көзтартарлық қазіргі келбеті туралы әдебиеттер мен қанатты сөздерқойылған.

 «Адамзат ертеңі: жасыл энергия» және «Жасыл Экономика: Қазақстанның Жеңісі мен жемісі» деп аталатын соңғы бөлімдер жалпы «ЭКСПО-2017» тақырыбына арналған. Әлемдік қауымдастыққа Қазақстан «Болашақтың энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Осы тақырып аясында жарияланған мақалалар, қызықты ұсыныстар суреттерімен қоса берілген. Сонымен қатар, өңіріміздің басты мақтан ететін нысандары қорқыт кесенесі мен Байқоңыр ғарыш айлағы жайында көп мәліметтер бар. Шетелдіктер тарапынан үлкен қызығушылық танытатын облысымыздағы бұл орындар халықаралық көрме өтетін уақытта қонақтар қабылдауға әзірлік үстіңде. ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрме туралы бар құжаттар, суреттер, мақалалар, естеліктер көрмеден хронологиялық тәртіппен орын алған.

Экран арқылы шара қатысушыларына халықаралық көрмеге облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының мамандары «Жасыл Экономика» тақырыбында арнайы дайындаған жобаларының презентациясі көрсетілді.

 Залдың оң жаққанатында «Менің ЭКСПО-2017-ге қосатын үлесім» тақырыбында жас шеберлердің қолдан жасаған бұйымдары қойылған. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерін көрсететін түрлі тақырыптағы зергерлік бұйымдарды жас өнертапқыштар темірден қағаздан киізден жіппен жасаған.

Көрменің ашылу салтанатына зиялы қауым, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, бақ өкілдері қатысты.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

Топта бір оқушы қалады, қалғандары басқа топтардың дұрыстаған мәтіндерін тескереді, басқа топтан келген оқушыларға қалған оқушы неге олай дұрыстағандарының себебін түсіндіреді. Оқушылар өз топтарына келген соң мұғалім әр топқа мәтіннің қатесіз нұсқасын береді. Олардың ауаптарымен салыстырады, кері байланыс жасайды.

https://baq.kz/kk/news/madeni_ortaliktar/ekspo2017

Орфографиялық сөздіктер

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

  • Мен бүгінгі сабақтағы өтілген материалдар арқылы не білдім?
  • Мен алдағы уақытта нені есте сақтауым керек, нені жетілдіре түсуім керек?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу