Кітапхана. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша ресурс. 8 сабақ


ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫНДА МӘТІН ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Қазақ тілін оқыту мәселесінде ұзақ жылдар бойы жинақталған тәжірибеде мәтін талдауға байланысты әдістемелік зерттеулер кенже дамыды десек, қате айтпаған болар едік. Сөйлемді мәтіннен бөліп алып талдау оның тілдік табиғатын жан-жақты аша алмайтыны қазіргі уақытта тілші-ғалымдар тарапынан толық дәлелденіп отыр. «…бұл мына жайларға байланысты: біріншіден, қандай мәтінді қалай талдау зерттеушінің алдына қойған мақсат-міндеттерінен туындайды, екіншіден, әр мәтіннің өзіндік ерекшеліктері ескеріледі», – деп атап көрсетеді. Мәтінді тұтастай алып талдау арқылы оқушылар оның эстетикалық табиғатын түсінсе, екіншіден, филологиялық білім дағдылары дами түседі.

Мәтіндік деңгейде талдауда мына сұрақтар төңірегінде жауап іздеген дұрыс:

  • Мәтін неше азатжолдан тұрады?
  • Мәтіндік құрылымы қандай? (Кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім)
  • Мәтіннің абзацтары қалай байланысқан? (Сілтеу есімдіктері, қыстырма сөздер, т.б.)

Синтаксистік (сөйлемдік қолданыс) деңгейінде:

  • Мәтін сөйлемдері айтылу мақсаты мен құрылысына қарай қандай сөйлем түрлеріне жатады? Қандай ойды жеткізуді көздеген?
  • Бірыңғай мүшелі сөйлемдер қолданыс тапқан ба?
  • Мәтінде дәйексөздер қолданылған ба, оның негізгі идеяны ашудағы әсері қандай?

Сөз қолданыс деңгейінде

  • (негізгі тірек сөз, тура және ауыспалы мағынадағы сөздер, синонимдік қатар, антоним сөздер, кәсіби сөздер, көркем сөз қолданыстары: эпитет, теңеу, метафора, оқшау сөздер,т.б.)
  • Шығармада қолданылған сөздер не үшін қолданылған? Талдау барысында үнемі «Автор НЕ ҮШІН осы сөзді қолданған?» «НЕГЕ мұндай тәсілді қолданған?», «Ол автордың қандай ойын жеткізуге қызмет еткен?» деген сұрақтар қоя отырып, оған жауап беру керек.

Екі мәтіннің ұқсастығы

  • Тақырыбы:
  • Тілі
  • Түрлері
  • Көзделген аудиториялары

Айырмашылығы

Тілі

1- мәтін

2- мәтін

Сөз деңгейінде:

Сөз деңгейінде:

Сөйлем деңгейінде:

Сөйлем деңгейінде:

Мәтін деңгейінде:

Мәтін деңгейінде:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу