Елбасы кітапханасы. Конгресс кітапханасы. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: 9-бөлім: (№1) Әлемдегі ірі кітапханалар | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кабденова С. К. | ||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Елбасы кітапханасы. Конгресс кітапханасы. | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау | ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: кітапхананың іргетасы, ауыр жүгі түсті, қолжазба, атқарып келеді т.б. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; Мені таң қалдырды, айтар болсам, өз ойымды ... сабақтар едім, қызықтырар жайттар т. б. | ||||||||||||
Құндылықтар | Кітап оқуға деген қызығушылық, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, география | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Кітап оқу туралы қызықты мәліметтер. Кітапхана. | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | |||||||||||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 5 минут | Суреттерге қарап, ой қозғау Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер хабарланады. Оқушылар бір, екіге санап, бір саны ішкі шеңберге, екі саны сыртқы шеңберге тұрады. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 15 минут 10 минут | Жазылымалды тапсырма 2 минуттың ішінде сыртқы шеңбер оқушылары ішкі шеңбер оқушыларына кітапхана, кітап оқу туралы ақпарат айтып береді. 2 минут өткеннен кейін, оқушылар алмасып, ішкі шеңбер оқушылары кітапхана, кітап оқу бойынша ақпарат береді. Ішкі және сыртқы шеңбердегі оқушы бір-біріне жұп болып орындарына жайғасады. Жұптық жұмыс. Жазылым тапсырмасы Мәтіндегі грамматикалық, пунктуациялық қателерді дұрыстаңыз, оларды түсіндіріңіз. 1-мәтін Конгресс — әлемдегі ең танымал кітапхана Конгресс кітапханасының іргетасы 1800 жылы 24-сәуірде АҚШ президенті Джон Адамс мемлекет астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстырыу туралы заң қабылдаған да қаланды. Бұл заңда Конгреске қажет болатын кітаптар мен оларға арналған кітап сақтайтын қоймаларды жолдауға 5000$ бөлінді. Заң бойынша кітапхананың оқырмандар тізімінде тек АҚШ президенті мен вице-президенті, сенат мүшелері және палата өкілдері ғана болды. Кітапхананың конгресс аталуы да сондықтан. Кітапхананың тұңғыш қорына 740 - кітап пен Лондонда сатылып алынған 63 - Американың географиялық картасы енді. 1804 жылы 4 наурызда президент болып сайланғаң Т. Джефферсон кітапхана қорының рөлі мен маңыздылығы мәселелерімен айналысты. Оның кезінде кітапхана қоры біршама ұлғайды. 8 жылдан кейін президенттік антын қабылдаған джеймс мэдисонның үлесіне 1812-1814 жылдары болған ағылшын соғысының ауыр жүгү түсті. Бұл ғылыми кітапхана өндірістік компаниялармен, жеке фирмаларға, зерттеу орталықтары, өкіметтік және ғылыми мекемелерге арналған. Кітапхананың кітап қорында құқықтану тарих саясат жаратылыстану техникалық ғылымдар мен анықтамалық әдебиеттер жайлы материалдар толық келтірілген. Кітапхана қорында бүгінде 30 миллионнан астам кітап пен 470 тен астам тілде жазылған баспа материалы, 58 миллион қолжазба, 4,8 миллион карта, 12 - миллион фото сурет сақталған. 1987 жылдан бері кітапхана директры Джеймс Биллингтон атқарып келеді. Қазіргы кезде кітапхана қолжетімді, бірақ белгілі бір шектеулер бар. 2-мәтін Елбасы кітапханасы Мекеме елбасының 2014 жылдың 13 наурызындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» жарлығымен құрылған. Кітапхана мұрағат қызметімен тікелей айналыссада қызметтік сипаты әдеттегі көпшіліктік кітапханалардан өзгеше. Өйткені бұл нысан – Елбасының жеке кітапханасы, жеке мұрағаты. Президенттік кітапханалардың тарихына үңілсек, біздегідей тәжірибе АҚШ-та ғана, оның өзі бір-ақ рет орын алыпты. Билік басында отырған кезінде Франклин Рузвельт өзінің президенттік орталығын жасақтаған. Соның негізінде кейін оның есімімен аталған кітапхана-мұражай бой көтерген-ді. Елбасы кітапханасы орналасқан кешен – Астана қаласының мақтанышына айналған сәулеттік туындылардың бірі деп толық сеніммен айта аламыз. ғимарат 2013-жылы британиялық танымал сәулетші норман фостердің жобасы бойынша салынған. Жалпы аумағы – 28 мың шаршы метрден астам. Ғимарат аспанға яғни ұшар биікке ұмтылған көз жанары тәрізді. Ол өзіндік зәулім де қайталанбас сыртқы келбетімен қазақ елінің қарыштап даму бағдарын, өмірлік жолын, қуатын көрсетеді. Мұнда Мемлекет басшысының қатысуымен аса ауқымды әрі зор маңызға ие халықаралық, республикалық жиындар өткізіліп тұрады. Ғимараттың 1-қабатында қазақстан республикасының тұңғыш Президенті – Елбасының жеке мұрағаты орналасқан. Ол Елбасының өмірбаяндық, шығармашылық материалдарынан, мемлекеттік және қоғамдық қызмет барысында жиналған құжаттардан тұрады. Жеке мұрағат қорында 127-мыңнан астам бірлік құжат жинақталған. Елбасы кітапханасының тағы бір ерекшелігі, онда мемлекет басшысына сыйға тартылған экспонаттар да сақталады. Бүгін қорда 400ге жуық экспонат бар екен. Мәдени мұра бағдарламасы бойынша шығарылған кітаптар – «Бабалар сөзі», «Орыс, түрік, парсы, моңғол және қытай дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы» ойып орын алған. Мұнда Әлем әдебиеті галереясы да бар. Жазылымнан кейінгі тапсырма Мұғалімнің қолындағы қорапқа әр оқушы өзінің сұрақтарын салады. Кейін мұғалім оқушыларға қорапты қайта ұсынады. Әр оқушы қораптан бір сұрақтан алып жауап беруге дайындалады. | http://emle.kz/uploads/files/7897c672483778e6da555373be5d1099.pdf http://online.anyflip.com/qmwb/elpx/mobile/index.html#p=6 https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/35131/ https://egemen.kz/article/elbasy-kitapkhanasy Орфографиялық сөздіктер | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия
| ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?