file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Шығыс Қазақстандағы кітапхана. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 6 сабақ


1) Граммаикалық, пунктуациялық қателері бар мәтін

Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебаб кітапханасы – Қазақстандағы ең көне кітапханалардың бірі. Мындаған оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген мәдениет ошағының шаңырақ көтергеніне 130-жылдан артық уақыт өтті.

Кітапхана құрылымы:

Кітапты толықтыру және өңдеу бөлімі – кітапхана қорын жаңарту және толықтырумен айналысат.

Ақпараттық библиографиялық бөлімі – кітапхананың ақпараттық және анықтамалық жұмыстарына жауап береді, пайдаланушылар сұранысы бойынша ақпарат іздейді, өлкетану ақпараттық ресурстарының түрлі санаттағы пайдаланушыларға қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, өлкетану білімін жетілдіруді жүзеге асырады кітапханаға келіп түскен ақпарат көздерін жүйелеп, оларды электронды каталогта көрсетеді,  пайдаланушы тапсырысына сәйкес біздің кітапхана мен өзге кітапханалар қорларынан құжат көшірмелерінің электрондық жеткізілімің жасайды.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі кітапхана қорынан құжаттарды тауып беру арқылы ақпараттық сұраныстардың толық қамтылуын қамтамасыз етеді.

Оқу залы Шетел әдебиеттер бөлімі Балалар әдебиеттері бөлімі – пайдаланушылардың оқу бағдарламасы, кәсіптік мамандығы, ғылыми тақырыптардағы ақпараттық сұраныстарына қанағаттандыру мақсатымен жедел түрде қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Кітапхана үрдістерін автоматтандыру бөлімі  кітапхана-библиографиялық үрдістерінің автоматтандыруы мен ақпараттандыруын және кітапхананың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Интернет орталығы  желіден ақпарат іздеу ақпараттарды басып шығару немесе сыртқы тасымалдағыштарға сақтау компьютерлерді немесе семинар жүргізу үшін орталықты толығымен жалға алу/резервтеу қысқа мерзімді тренингтер ДК негіздері Интернет желісі және т.б. бойынша курстар жүргізіледі.

Кітапхананы дамыту бөлімі облыстың аудан мен ауыл кітапханаларының кітапханалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеріп пайдалануына көмек көрсетеді; тұрақты түрде кітапхана мәртебесі мен имиджін көтеруді ұйымдастырады және дамытады.

Біздің мекен-жайымыз

Абай көшесі 86

Семей қаласы

Шығыс Қазақстан облысы

Дұрыс мәтін

Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы – Қазақстандағы ең көне кітапханалардың бірі. Мыңдаған оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген мәдениет ошағының шаңырақ көтергеніне 130 жылдан артық уақыт өтті.

Кітапхана құрылымы:

Кітапты толықтыру және өңдеу бөлімі – кітапхана қорын жаңарту және толықтырумен айналысады.

Ақпараттық-библиографиялық бөлімі – кітапхананың ақпараттық және анықтамалық жұмыстарына жауап береді, пайдаланушылар сұранысы бойынша ақпарат іздейді, өлкетану ақпараттық ресурстарының түрлі санаттағы пайдаланушыларға қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, өлкетану білімін жетілдіруді жүзеге асырады, кітапханаға келіп түскен ақпарат көздерін жүйелеп, оларды электронды каталогта көрсетеді,  пайдаланушы тапсырысына сәйкес біздің кітапхана мен өзге кітапханалар қорларынан құжат көшірмелерінің электрондық жеткізілімін жасайды.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі – кітапхана қорынан құжаттарды тауып беру арқылы ақпараттық сұраныстардың толық қамтылуын қамтамасыз етеді.

Оқу залы, Шетел әдебиеттер бөлімі, Балалар әдебиеттері бөлімі – пайдаланушылардың оқу бағдарламасы, кәсіптік мамандығы, ғылыми тақырыптардағы ақпараттық сұраныстарына қанағаттандыру мақсатымен жедел түрде қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Кітапхана үрдістерін автоматтандыру бөлімі –  кітапхана-библиографиялық үрдістерінің автоматтандыруы мен ақпараттандыруын және кітапхананың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Интернет орталығы – желіден ақпарат іздеу, ақпараттарды басып шығару немесе сыртқы тасымалдағыштарға сақтау, компьютерлерді немесе семинар жүргізу үшін орталықты толығымен жалға алу/резервтеу, қысқа мерзімді тренингтер, ДК негіздері, Интернет желісі және т.б. бойынша курстар жүргізіледі.

Кітапхананы дамыту бөлімі – облыстың аудан мен ауыл кітапханаларының кітапханалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеріп, пайдалануына көмек көрсетеді; тұрақты түрде кітапхана мәртебесі мен имиджін көтеруді ұйымдастырады және дамытады.

Біздің мекен-жайымыз:

Абай көшесі , 86

Семей қаласы

Шығыс Қазақстан облысы



Толық нұсқасын 24 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу