Электронды кітапхана. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша ресурс. 1 сабақ


Осы сабаққа қажетті дереккөздер:

СҰХБАТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Сұхбат – журналистің қоғамдық маңызы бар тұлғамен өзекті сұрақтар туралы әңгімесін көрсететін публицистиканың жанры.

Сұхбат дегеніміз – пікір, көзқарас, дерек, мәлімет алмасу. Сұхбат жанрының негізі ХІХ ғасырдан бастау алады. Бұл кезде мерзімді баспасөз дамып, диалог жанры алға шықты. Ал радио болса жанрға үшінші жақ – диалогты тыңдайтын аудиторияны қосып, қосымша мүмкіндіктер ашты.

Сұхбат, бір жағынан, ақпаратты иемденетін адаммен байланыса отырып ақпаратты алу тәсілі. Екінші жағынан, телевизиялық бағдарлама барысында сұхбат берушіге сұрақ қойып, оларға нақты қисынды, толық жауаптар алу мақсатын көздейтін әңгімелесу, диалог түріндегі публицистикалық жанр.

СҰХБАТТЫҢ ТҮРЛЕРІ

  • Бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері: клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбат;
  • Ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат.
  • Сұхбат берушінің ресми тұлға болуы шарт емес. Оның сөйлеген сөзінің астарында көңіл күй мен ішкі толғаныс, яғни эмоционалдық фон болуы тиіс. Сондықтан да көбінесе жаңалықтар желісінде мұндай сұхбаттар журналистің қойған сұрағынсыз беріледі. Өйткені бұл жерде қойылған сұрақ емес, одан қайтарылған жауап маңызды рөл атқарады.

ИНТЕРВЬЮ ДЕГЕН НЕ?

Интервью - көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі. Интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны, маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью және түсіңдірмелі интервью болып екіге бөлінеді. Олардың өзі іштей жіктеледі.

Хабарламалы интервью түріне — тілші мен әңгімелесуші екеуінің сұрау-жауап түріндегі диалог интервью, тілшінің бір ғана сұрау беріп, оған әңгімелесушінің ұзақтау жауабы монолог интервью, әңгімелесуші айтқанының мазмұны ғана түйіліп берілетін мазмұндама интервью жатады. Бұларда түсіндіру талдау болмайды, сұхбаттың есебі ретінде ғана танылады.

Түсіндірмелі интервью түрлеріне — интервью суреттеме, баспасөз мәслихаттық дөңгелек үстел басыңдағы әңгіме, брифинг, анкета жатады. Бұларда дерек, оқиға, құбылыс хабарланып қана қоймайды, олардың қыр-сыры кеңірек түсіндіріліп, күрделі жайттарға түсіндірме беріледі

Брифинг сұхбат берушілердің ұсынуымен, жұртқа қажетті нәрсені түсіндіріп қою ниетімен өткізіледі. Баспасөз мәслихатында көптеген бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері қатысуымен бір сала немесе әлденеше маманмен қатар сұхбат жүргізіледі. Журналистер кезекпен сұрау қойып, сұхбаттаушылар оған жауап береді. Дөңгелек үстел басындағы әңгімеде нақты бір проблемамен айналысатын мамандар шақырылып, оларға қатар сұрақтар қойылады да, жауаптары тыңдалады.

СҰХБАТ ЖАЗУ ЖОЛДАРЫ

  • Сұхбатты бастамас бұрын таңдалынып алынған тақырыптың өзектілігі және сұхбатты алуға не себеп болып отырғанын, мақсатыңыз туралы қысқаша түсіндіріп өтіңіз;
  • Мұнан соң сұхбат алушы жөнінде қысқаша мәлімет бере кетіңіз: мысалы, оның қызметі мен лауазымы, осы тақырыпқа нендей қатысы бар, т.с.с.
  • Осыдан кейін өзіңізді таныстырып, амандық-саулық сұрасқаннан кейін сұрақтарыңызды қоя бастаңыз;
  • Сұрақтар мазмұны тақырыптан ауытқымауы тиіс, ауытқыған жағдайда да оның атқарып жатқан қызметінің қиыншылығы мен ауырлығы турасындағы сұрақтар болуы тиіс;
  • Сұрақтарды қойып, жауап алып болғаннан кейін сұхбаттасушының сұхбат бергеніне рахмет айта отырып, жылы лебізіңізді білдіріп қоштасыңыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу