Ақтан Керейұлы (Қалағандарың сөз болса)

 Ақтан Керейұлы (Қалағандарың сөз болса)

Қалағандарың сөз болса,
Мен жырлауға құмармын,
Шұбалаң құйрық шұбармын.
Шапқан аттай саулаймын,
Жанған оттай қаулаймын.
Не қылғанмен, дер күнім,
Бұлдыраған таудаймын.
Екі атысқан жау болса,
Арасында панамын.
Мен - ақбауыр кер жорға.
Әдемі басқан аяғын.
Қарасаң көзін жеткісіз
Жылмиып жатқан даламын.
Жортар атқа жеткісіз
Ұзын бауыр саламын.
Жоғарыдан аққан Жайықпын,
Теңізге құйған аяғын.
Күн шығыстың күшті желімен
Ылайлатып ағамын.
Сөйлемеймін мен неге,
Қашаннан да мен өзім
Заржақ туған баламын.
Сөйлесем, сөзді табамын,
Сөйлей - сөйлей аламын.
Көпшілік сөйле дегенде,
Кідірмеймін жел сөзге,
Кеудедегі білгенді
Алдыңы төгіп саламын.
Сөйлей - сөйлей берейін,
Сөз жүйесін көрейін.
Әрі - бері сөйлесем,
Бұ да өзімнің мерейім.
Сөз дегенің бұйым ба,
Сөйлегенім қиын ба,
Талай - талай сөйледім
Сатырлаған жиында.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!