Әдет-ғұрып және салт-дәстүрлер. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ
Таратпа материалы
1-мәтін:
Арша өсімдігінің қасиеті мен пайдасы.
Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Арша – тау беткейінде, құмды жерлерде өсетін мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта. Ол 300 жылдай өседі екен. Табиғатта Гиннестің рекордтар кітабына кірген 800 жыл жасаған кәрі аршалар да бар.
Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, тұқымы жаздың аяғында, кейде күзде піседі. Тұқымынан шыққан жас өскіндер бір жылдан кейін тез өсіп, жақсы жетілген соң топырақты қатайтады. Сондықтан халық ұғымында қасиетті, киелі өсімдік болып саналады. Аршамен аластағанда жын-шайтандар, ауру-сырқау, жалпы жамандық атаулы қуылады деген түсінік қалыптасқан. Бұл тегіннен-тегін айтылған сөз емес. Себебі ғалымдар аршаның ең алдымен ауаны тазартушы өсімдік екенін айтады.
2-мәтін:
Бесік — нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретін жайылдырмайды. Түбектің түбіне күл салып, жиі-жиі ауыстырып отырады. Шүмекті қойдың асық жілігінен жасайды, кейде айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып алады. Бесіктегі баланың аяғы, кеудесі қатты байланатындықтан, оның қан айналу жүйесіне керісінше әсер етеді. Сондықтан баланы бесіктен жиі босатып, қол-аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды. Қазақта бесік қасиетті, киелі құтты мүлік болып есептеледі
Мәтінді оқып шығып, тест сұрақтарына жауап беріңіздер.
- Мәтіннің негізгі ойы қандай?
- Отбасы шағын мемлекет
- Салт-дәстүрді сақтайық.
- Бесіктің пайдасы
- Бесіктің зияны
- Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз
- Отбасы, Отан, бала, болашақ
- Қасиет, жылы, халық әні
- отбасы мерекесі, жыр айту.
- Сүйіспеншілік, зиялы қоғам,халықаралық
- «Тәрбие бесіктен» деген нақыл сөзді қалай түсінесің?
а)Салт-дәстүр байлығымыз.
b) Бала тәрбиені отбасынан бастап алады.
c) Отбасы - шағын мемлекет.
d) Отбасы - қоғамның діңгегі.
- Мәтін шынайы өмірмен байланысты ма? Қалай байланысты? Өз ойыңызды 2-3 сөйлеммен жазыңыз
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
- Сен бесікте бөлендің бе? Жоқ болса, бөленгін келеді ме? Неге? Өз ойыңызды 2-3 сөйлеммен жазыңыз
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды