Былғары қолғап шебері - GGG. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Сабақ жоспары
7. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. | Мектеп: | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Былғары қолғап шебері - GGG | ||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.2.4.1 - ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Стильдері әртүрлі мәтіндерді салыстыра талдауға үйрету | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||
Тілдік дағдылар | Әлем аренасы, шаршы алаң, дүйім жұрт | ||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған. | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Спорт, тарих, география | ||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптарда дене шынықтыру пәнінен алған білімдеріне сүйенеді, спорт жұлдызы туралы білімдерін толықтырады. | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздері | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | 1-тапсырма Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында мынадай тірек сөздерді жұмбақтайды. Оқушылар тірек сөздерді қатыстыра отырып, өз ойларымен болжам жасайлы. Сабақ мақсаты, бағалау критерийлері мен дескрипторлар түсіндіріледі, талқыланады. | Слайд | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут 10 минут | 2-тапсырма Мәтінмен жұмыс жасамас бұрын алдымен оқушыларға ресми стиль мен ауызекі сөйлеу стилі еске түсіру ұсынылады. Оқушылар ауызекі сөйлеу стилі мен ресми стиль туралы білетін ақпараттарын топта ауызша айтады. Егер оқушылардың есіне толық ақпараттар не нақты ақпараттар түспесе, мұғалім мына мәліметтерді қосымша ұсынуына болады. Ресми стиль — ресми қатынастар аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми құжаттар мен іс қағаздарының стилі деп те аталады. Іс қағаздар стилінің ерекшеліктері: 1. Сөйлемдер, негізінен, номинативті, екі негізді болып келеді. 2. Сөйлемдегі сөздер базистік (негізгі) тәртіпке сай орналасады, инверсия өте сирек ұшырасады. 3. Мәтін баяндау ретінде келеді. 4. Экспрессивті сөздер қатыспайды. Ауызекі сөйлеу стилі Ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіндердің ерекшеліктері:
3-тапсырма Оқушылар екі мәтінмен танысып, стиліне тоқталады. Стильдік ерекшеліктерін жұпта талқылайды.
1-мәтін Головкин Геннадий Геннадийұлы 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. Ол 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 7 рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, жастар арасындағы әлем чемпионы, ҚР I спартакиадасының чемпионы. Шығыс Азия ойындарының чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы. Сонымен қатар «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. Ол 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Гена WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 8 рет қорғады және IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 5 рет қорғаған. 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокста орташа салмағы тарихында ноукат үлесі бойынша бірінші орында тұр. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін 2003 жылы бітірген. 2003 жылдан бері «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы-спортсмен. Universum Box Promotion мүшесі , ҚР спорт шебері, Халықаралық кластағы спорт шебері, бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. «Құрмет» орденімен марапатталған. 2-мәтін Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесті. Елбасы кездесу барысында Геннадий Головкинге ілтипат білдіріп, қазақстандықтар оның кәсіби спорттағы жарқын жетістіктерін мақтан тұтатынын айтты. – Отандастарымыз сенің жекпе-жектеріңді жіті бақылап отырады. Сен Қазақстанды лайықты түрде танытып, өз Отаныңды ешқашан ұмытпай, жүрген жерде айтып жүресің. Біз сені МАҚТАН ТҰТАМЫЗ, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкиннің Қазақстан спортын танытудағы және еліміздің халықаралық имиджін арттырудағы зор рөлін атап өтті. – Сен өз салмағыңда ешкімге дес бермедің, саған жеңіліс таппаған ЕҢ ҮЗДІК нокаутер боксшы деген атақ берілді. Бұл – зор жетістік әрі біздің спортымыз бен бүкіл Қазақстанды насихаттаудың жарқын мысалы. Біз сенің ерік-жігеріңді жоғары бағалаймыз. Егер Қазақстанда жекпе-жек өткізуге мүмкіндік болса, біз оған жағдай жасап, қол ұшын береміз, – деді Мемлекет басшысы. Г.Головкин жеке қолдау көрсеткені үшін және Қазақстанның спортын, соның ішінде бокс мектебін дамытуға зор көңіл бөлгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді. – Мен өз тарапымнан елімізді халықаралық аренада одан әрі таныту үшін бар КҮШ-ЖІГЕРІМДІ ЖҰМСАЙМЫН [қолын жүрегіне қойып]. Егер бәрі ойдағыдай болып жатса, Қазақстанда жекпе-жек өткізу жоспарымызда бар. Халқымыз осындай айтулы оқиғаны тамашалауға ӘБДЕН ЛАЙЫҚ деп есептеймін. Маңызы зор осындай жекпе-жекті барша жұрт көргісі келеді деген ойдамын, – деді Г.Головкин. Сонымен қатар боксшы Қазақстан Президентіне WBC, WBA (Super), IBO және IBF тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасында бокстан алған чемпиондық белдіктерін сыйға тартты. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Г.Головкинді «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттады. 4-тапсырма. Оқушылар мәтіндерді қайта оқып, салыстыру жасайды. Мәтіндерді қайта оқыңыздар. Кестеге сүйене отырып салыстыру жасаңыздар. Анықтаған ерекшеліктеріңізді жұпта алмасу арқылы бөлісіңіздер.
Дескриптор:
Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай үлгіде оқушылардың ойын тыңдайды. | Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді. http://engime.org/auizeki-sojleu-stili-birneshe-trge-bolinedi.html
Геннадий Головкин http://juldyz.kz/2017/04/10/gennadij-golovkin/ Елбасы Геннадий Головкинді Қазақстанның Тұңғыш Президенті орденімен марапаттады | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия
| Түрлі түсті қағаздар | |||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?