Су – тіршілік көзі. Қазақ тілі, 6 сынып, методикалық ұсыныс. 3 сабақ


 Оқылым алды тапсырмасын қалай жүзеге асырамыз?

 Оқылым мәтінімен жұмыс жасамас бұрын оқушыларды оқылым мәтініне даярлап алған дұрыс.

 Бұл туралы Жүсіпбек Аймауытов өзінің «Ана тілін қалай оқыту керек?» еңбегінде «Салған жерден кітаптан оқыта бастамай, алдын ала сол әңгімеге балаларды даярлап алған жөн. Балалардың көргені, естігені жайынан сұрап, сурет көрсетіп, әлдебір оқылған, сөйленген нәрседен, не өмірден алып, әйтеуір оқылатын әңгімеге балаларды төндіріп, ынталандырып алу керек.» деп айтып кеткен. [5] Оқылым алды тапсырмасында мәтіндегі ақпаратқа сәйкес сұрақтар қоюға,ол туралы білетін ақпараттарын айтуға немесе мәтінде оқушыларға түсінуге қиын болатын сөздерді іріктеп, сол бойынша жұмыс жасауға, белгілі бір сөздердің синонимдерін тапқызуға болады.

  Оқылым тапсырмасымен қалай жұмыс жасаймыз? Оқылым тапсырмасымен жұмыс таңдалған мақсатқа сай жүзеге асырылады. Оқылым тапсырмасымен жұмыс жүргізу тәсілдері бойынша өткен ғасырда өмір сүрген ағартушы Ж. Аймауытов «Алдымен жақсы оқитын балаға, сонан соң төмендеуіне оқытылсын. Әңгіме қандай әсер берді екен, тыңдаушылар ойлансын. Ұғымсыз, жат сөздер түсіндірілсін. Суретті, көркем сөздері тапқызылсын, мазмұны қысқаша қайта айтқызылсын. Әңгіме бөлшектелінсін. Бөлімдерінен сурет туғызылсын. (Оңай сурет болса, балалардың қолынан келсе, тақтайға салғызылсын; қиын болса, ауызша суреттелсін. Болмаса, үйде салып келуге берілсін). Сұраулар қойылып, балалармен кеңесілсін. Әр бөлімдерін тақырыптатып қарасын. Әңгімедегі қаһармандар атынан сөйлетілсін. Әңгімеден баланың есіне не түсті екен, айтқызылсын. Қорытынды шығартылсын.» деп атап көрсетеді.[5] Әрине, бұлай жұмыс жасау жеткіліксіз, талап жоғары, сондықтан мәтінмен жұмыс жасауда оқылым мазмұнымен шектеліп қалуға болмайды. Оқушылар мәтінмен жұмыс жасау барысында мәтінде берілген ақпаратты өңдей алуға, мәтіннің тіліне, сөйлеміне талдау жасауға, мәтіннің стилін, жанрын, мәтін түрін анықтап, оларды дәлелдей алуға машықтану керек. Оқылым мәтіні дегенде көбіне мазмұнды шығармаларды ( әдеби шығармадан үзінді, мақаладан үзінді, энциклопедядан үзінді т.с.с) ұсынып жатамыз, оқылым мәтіндері кейде графиктік түрде, диаграмма түрінде не кесте түрінде, сурет түрінде беріледі. Мұндай жағдайда оқушыларға оқылымның ізденімдік, танымдық, зерделік түрлері көмекке келеді. Графиктік мәтіндерден белгілі бір нақты ақпаратты анықтауда, сандық көрсеткіштерді салыстыруда, ойына дәлел келтіру үшін ізденімдік оқу түрін қолдануға болады. Графиктік мәтіндерде берілген ақпаратты өмірмен байланыстырып, ойына дәлел келтіру үшін оқылымынң танымдық түрін қолданады. Графиктік мәтінді терең талдау үшін оқушылар оқылымның зерделік түрін қолданады.

 Оқылымнан кейінгі тапсырма оқушының оқылым мәтінінен алған ақпаратты бағалауға, ол туралы өзіндік пікір білдіруге, ойын синтездеуге жетелейді. Мұнда оқушы шығармашылқ қабілеттерін көрсетеді. Ол үшін мынандай тапсырмаларды ұсынуға болады:

  •  Мәтінде берілген ойды иллюстарциялық-сурет арқылы ұсыну, мұнда сурет салмайды, суретті сипаттау арқылы ауызша көрсетеді
  •  Мәтін бойынша түрлі сұрақтар құрастыру
  •  Мәтінде берілген негізгі мәселе бойынша креативті жазба жұмысын ұсыну
  •  Мәтінде көтерілген мәселе бойынша жарнамалық брошюлар жасату
  •  Мәтінге байланысты аннотация жазғызу
  •  Кеңестер жазуға
  •  Мәтіндегі негізгі ойды ұқсас мәтіндегі ойлармен салыстыруға
  •  Басқа жанрда мәтін жаздыруға
  •  Мәтінде көтерілген мәселеге байланысты мақал-мәтелдерді жинақтауға т.с.с

Айменбетова Қ.Т., Тлеубаева А.С.

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу