Су туралы не білеміз? Қазақ тілі, 6 сынып, методикалық ұсыныс. 7 сабақ


 Абзац дегеніміз бір азат жолдан екінші азат жолға дейінгі күрделі синтаксистік тұтастықты білдіретін мәтін бөлігі.

Абзац жазудың негізгі шарттары:

 • Мәтіндер негізінен бірнеше абзацтан тұрады.

 • Бір абзацта бір ой толықтай ашып жазылады.

 • Әр абзац тақырыптық сөйлемнен, қолдаушы сөйлемнен және қорытынды сөйлемнен

 тұрады.

 • Тақырытық сөйлем – абзацтың негізгі идеясын көрсетеді.

 • Қолдаушы сөйлемдер – тақырыптық сөйлемдегі ойды ашатын сөйлемдер.

 • Қорытынды сөйлем – абзацтағы ойды қорытындылайтын сөйлем.

 • Ойды толықтыру үшін деректер мен мысалдарды да қосуға болады.

 • Абзац жаңа азат жолдан басталып жазылады.

Мысалы:

Тақырыптық сөйлем:

1. Майлы тағамдар асқазанға зиян.

Қолдаушы сөйлемдер:

2. Тағам ретінде оларды көп қолдану оның бұзылуына әкелуі мүмкін.

3. Кейбір жағдайларда семіздікке әкеліп соқтырады

4. Сонымен қатар, жүрек-қан тамырларына да әсері бар

Қорытынды сөйлем:

5. Денсаулықты күтудің ең басты жолдарының бірі – майлы тағамдарды аз

қолдану

Абзацты жазуға негізделген сабақ үлгісі

1.1. Оқушыларға төмендегі мәтін ұсынылады.

 Сүт — адам организміне өте пайдалы сусындардың бірі. Құрамындағы кальций сүйектер мен тістердің дұрыс дамуына әсер етеді. Магний, калий, фосфор және натрий мөлшері басқа сусындармен салыстырғанда біршама жоғары. Цинк жыныс жолдарының ауруларының алдын алуға септігін тигізсе, йод қалқанша безінің жұмысын жақсартып, иммундық жүйеге әсер етеді. Майсыздандырылған сүт бірнеше диета түрінің негізі болып саналады. Себебі ол белоктар бай және аппетитті болдырмайтын қасиетке ие. Қорыта келе, сүт - адам денсаулығын нығайтатын бірден-бір қажетті тағам.

1.2. Мәтінді оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

1. Абзацқа тақырып болатын сөйлемді тауып көр және астын сыз.

2. Тақырыптық ойды қолдаушы сөйлемдер тауып, астын сыз.

3. Келтірілген мысалдар немесе фактілер болатын сөйлемдер қайсы?

4. Қорытынды сөйлемді тауып, астын сыз!

1.3. Мұғалім нұсқасымен салыстырады.

 Сүт — адам организміне өте пайдалы сусындардың бірі. Құрамындағы кальций сүйектер мен тістердің дұрыс дамуына әсер етеді. Магний, калий, фосфор және натрий мөлшері басқа сусындармен салыстырғанда біршама жоғары. Цинк жыныс жолдарының ауруларының алдын алуға септігін тигізсе, йод қалқанша безінің жұмысын жақсартып, иммундық жүйеге әсер етеді. Майсыздандырылған сүт бірнеше диета түрінің негізі болып саналады. Себебі ол белоктар бай және аппетитті болдырмайтын қасиетке ие.

 Қорыта келе, сүт - адам денсаулығын нығайтатын бірден-бір қажетті тағам.

2. Ұсынылған тақырыптық сөйлемдерді қолдана отырып, бір абзац құрастырады.

Тақырыптық сөйлем:

 1. Жемістер мен көкіністердің пайдасы өте көп

Қолдаушы сөйлемдер:

 2.

 3.

Қорытынды сөйлем:

 5.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу