Қазақстанның су ресурстары. Су қасиеті. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 8 сабақ
Тыңдалым мәтіні. «Сарқырамаға саяхат»
1-оқиға
Әкесі: Балақайлар, менде қуанышты хабар бар!
Біз ең биік сарқырамаға саяхатқа баратын болдық.
Балалары: Ол қай жерде орналасқан?
Әкесі: Оңтүстік Америкада
Балалары: Алақай! Алақай! Анашым, біз саяхаттайтын болдық.
Анасы: Әкесі, бұл тамаша жаңалық екен!
2-оқиға: (сарқыраманың даусы естіледі)
Анасы: Қандай тамаша! Сарқыраманың биіктігін-ай!
Әкесі: Шыныменде ғажап екен! Әттең, осындай сарқырама бізде болса ғой!
Анасы: Біздің елде де кішігірім сарқырамалар бар.
Балалары: Әке, суретке түсейікші, әке!
3-оқиға: (сарқыраманың даусы естіледі)
Әкесі: Қап, фотоаппаратты қонақ үйге тастап кетіппін ғой!
Балалары: Қалта телефонымен түсірейік, міне, менікі жақсы!
Анасы: Әттеген-ай, телефонымның қуаты азайып қалыпты, тууһ! Енді қайттік!
4-оқиға: (сарқыраманың даусы естіледі)
Балалары: Әке! Әке! Әне, фотографті қарашы!
Әкесі: Ой, жақсы болды-ау! Уайымдап тұр едім. Жүріңдер, фотографке барайық!
Анасы: Ия, табылған ақыл, ... мынау не деген тамаша көріністер! Осының бәрін суретке түсірейікші!
Ең биік сарқырама!
Әлемдегі ең биік Анхель сарқырамасы - Венесуэланың тропикалық ормандарында, Канайма ұлттық саябағында орналасқан. Қайталанбас табиғат кереметінің биіктігі - 1000 метрге жуық, ал судың үздіксіз түсу биіктігі - 800 метр. Анхель өз бастауын Карраоның бір тармағы саналатын Чурун өзенінен алады. Судың құлау биіктігі сонша, жерге жеткенше, су ұсақ бөлшектерге бөлініп, тұманға айналады. Тұманды бірнеше шақырымнан сезуге болады. Жоғарыдан құлап түскен су Кереп өзеніне келіп құйылады. Жергілікті тұрғындар арасында сарқыраманы «Kerepakupai-meru», яғни, «өте терең жер сарқырамасы» деп атау қалыптасқан. Ал әлем халықтарына кеңінен танымал болған «Анхель» атауы - 1933 жылы жоғарыдан ұшып өтіп бара жатып, сарқыраманы тұңғыш рет байқаған ұшқыш Эйнджел Джеймстің есімімен байланысты. 1933 жылы алғаш рет байқап өткеннен кейін, ұшқыш Эйнджел Джеймс 4 жылдан кейін қазанның тоғызыншы жұлдызында өзінің кезекті сапары кезінде, ұшағын сол жерге қондырмақшы болады. Алайда, ұшқыштың бұл әрекеті сәтсіздікке ұшырап, дәл осы сарқырама маңында апатқа ұшырайды. Нәтижесінде тікұшақтағы Эйнджел мен әйелі және екі жолаушы 11 күн бойы өркениеттен тыс өмір сүреді. Қиын сәттерді бастан өткеріп, елдеріне аман-есен оралады. Эйнджелдің «Фламинго» ұшағы 33 жыл бойы тікұшақпен алып кеткенше, сол төбеде тұрады. Бүгінде ұшақ Маракай қаласының авиациалық мұражайында қайта қалпына келтіріліп, қаланың Сьюдад-Боливар әуежайының алдында тұр.1949 жылы Ұлттық географиялық қоғамының ұйымдастыруымен (АҚШ) әлемдегі ең биік сарқырамаға экспедиция жасалып, нәтижесінде оның биіктігі анықталды.Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/2301/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?