Қазақстанның су ресурстары. Су қасиеті. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: Қазақ тілі (оқыту тілі қазақ тілінде)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның су ресурстары. Су қасиеті

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.3.1.- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау.

6.1.5.1.- тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.

 Сабақтың мақсаттары

Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтайды.

Көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебін қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздер. Сарқырама – биіктен құлай аққан су.

Саяхат - зерттеу не танысу, аралап көру мақсатымен алыс бір жерге ел аралауға  шыққан сапар.

Суретке түсу – фотоаппарат арқылы бейнелену.

Көңіл-күй – адамның ішкі жан дүниесі, көңіл қошы, зауқы.

Осыған дейін меңгерілген білім

Су тақырыбымен алдыңғы сабақтардан таныс.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс

іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту.

Сынып үш оқушыдан тұратын шағын топтарға бөлінеді. Талқылауды бастамас бұрын өткен сабақ бойынша сұрақтар қойылып, қандай сөздерді үйренгендерін естеріне түсіріледі. Сабақтың тақырыбымен таныстырып, қандай оқу мақсаттары бойынша жұмыс жүргізетіндері түсіндіріледі.

Сабақтың ортасы

5 минут

15 минут

5 минут

Мәтіналды тапсырма.

1-тапсырма. Мұғалім оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұптарға бөледі. Оқушылардан сарқырама суреттерін көрсете отырып, не екенін сұрап көреді. «Сарқырама» сөзін түсіндіреді. Тірек сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Мәтінмен жұмыс тапсырмасы.

2-тапсырма. Оқушылар алдымен тапсырма сұрақтарын оқып шығады. Мұғалім аудионы қосқан кезде, мәтінді тыңдай отырып, сұрақтарға жауап береді. Аудионы тыңдап болған соң, мұғалім сыныппен кері байланыс жасап, дұрыс жауаптарын тексереді. Оқиға барысында кейіпкерлердің көңіл-күйі қалай өзгеріп отырғанын сұрайды.

3-тапсырма. Бұл тапсырма оқушыларды лепті сөйлемдер туралы тапсырмаға дайындайды. Оқушылар мәтінді тыңдай отырып, сұрақтар бойынша дұрыс жауабын анықтау керек. Алдымен оқушылар тапсырма шарты және сұрақтарымен танысады. Мұғалім аудионы қосқан кезде оқушылар тыңдай отырып, дұрыс жауаптарын белгілейді. Тапсырма аяқталған соң, мұғалім сыныппен кері байланыс жасай отырып, дұрыс жауаптарын тексереді. Тапсырма бойынша оқушылар ойтүрті сұрақтарын ұсынады: Тапсырмадағы сөйлемдер қандай тыныс белгімен берілген? Кейіпкерлер осы сөздерде айтқанда қандай көңіл-күйде болды? Оқушылардың жауабы тыңдалған соң, мұғалім лепті сөйлемдер, олардың көңіл-күйді білдірудегі рөлі, мәтінде ерекше көрсетілуі туралы түсіндіреді.

Бағалау критерийі

Дескрипторлары

Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау

Көңіл-күйді білдіретін сөздерді

анықтай алады.

Әр мәтіннің негізгі ойын түсінеді.

Таратпа материал

https://kitap.kz/

Таратпа материал

Сабақтың соңы

10 минут

Мәтіннен кейінгі тапсырма.

Оқушылар жұпта жағдаяттың бірін таңдап, мәтіннен алынған сөз орамдарын қолдана отырып, жазбаша диалог құрастырады. Құрастырған диалогтарын сыныпқа таныстырады. Барлығы дайын болған соң, әр жұп өздері құрастырған диалогты оқып береді. Оқушылар лепті сөйлемдерді мағынасына сай ерекше көңіл-күймен оқуы қажет. Мұғалім құрастырылған диалог бойынша сыныпқа кері байланыс жасайды. Алдымен лепті сөйлемдерді (көңіл-күй одағайларын) орынды қолданған сәттерді атап өтеді, кейін лепті сөйлемдерге байланысты ұсыныстарын айтады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу