Қазақстанның су ресурстары. Су – өмірдің нәрі. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||
САБАҚ: Қазақ тілі (оқыту тілі қазақ тілінде) | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстанның су ресурстары. Су – өмірдің нәрі. | |||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 8.2.1.1.- тұтас және аралас мәтіндердегі ақпараттарды салыстыру | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтайды. | |||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тірек сөздер:
| |||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Су тақырыбымен алдыңғы сабақтардан таныс. | |||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
5 минут | Қызығушылықты ояту. Сынып үш оқушыдан тұратын шағын топтарға бөлінеді. Талқылауды бастамас бұрын өткен сабақ бойынша сұрақтар қойылып, қандай сөздерді үйренгендерін естеріне түсіріледі. Сабақтың тақырыбымен таныстырып, қандай оқу мақсаттары бойынша жұмыс жүргізетіндері түсіндіріледі. Оқушылар берілген сұрақтарды оқып, шағын топта талқылайды, суретті сипаттайды. Талқылау аяқталған соң мұғалім сұрақтарды сынып болып талқылайды. Мәтінде айтылатын ойды болжап көреді. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 15 минут 5 минут | Мәтіналды тапсырма. 1-тапсырма. Бұл тапсырмада тірек сөздер және олардың анықтамасы берілген. Оқушылар топта анықтаманы мұқият оқып, тірек сөздермен сәйкестендіреді және жауабын дәлелдейді. Тапсырманы шағын топта орындатылады.. Топтардың тапсырманы орындау үдерісі бақыланып, орындалуы қадағаланады. Тапсырманы орындалған соң, мұғалім тірек сөзді оқиды, оқушылар оның анықтамасын айтады. Егер топтар келіспесе, өз ойларын дәлелдейді.
Мәтінмен жұмыс тапсырмасы. 2-тапсырма. Мәтін оқылмас бұрыс, бірінші тапсырмамен таныстырылады. Тапсырмада мәтіннің абзацтарын тақырыпшалармен сәйкестендіру берілген. Ішінде екі тақырыпша арнайы артық берілген. Оқушылар тақырыпшаларды мұқият оқып шығады, түсінбеген сөздерін мұғалімнен не көршісінен сұрайды. Мәтінді басынан толық оқып шығады. Әр абзацта қандай ой айтылғанын анықтайды. Берілген тақырыпшалармен сәйкестендіреді. Бұл тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Мәтінді оқу барысында түсінбеген сөздері болса, тапсырма аяқталғаннан кейін ғана сұрай алады. Бұл жерде оқушы таныс емес сөздердің мағынасын мәнмәтінге қарап болжау дағдысын қалыптастыру керек. 3-тапсырма. Оқушылар бұл тапсырманы жеке орындайды. Алдымен тапсырма сұрақтарын оқып шығады. Жауабын дәптерлеріне жазады және тапсырманы аяқтаған соң жұбымен салыстырады. Мұғалім сыныптың тапсырманы толық аяқтағанына көз жеткізген соң, әр сұрақты жеке оқып, оқушылардан жауабын сұрайды. Сұрақтардың дұрыс жауаптарын тақтаға жазып қояды.
| Таратпа материал Таратпа материал | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 10 минут | Мәтіннен кейінгі тапсырма. 4-тапсырма. Тапсырма топта орындалады. Тапсырмада берілген кесте мәтіндегі ақпараттармен толықтырылады. Мұғалім тарапынан топтарға бақылау жүргізіледі. Барлық топтың белсене қатысуы қадағаланады. Топта рөлдер іштей белгіленеді. Мысалы: хатшы, топ басшысы, тексеруші. Шағын топта барлығы бірге жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі: хатшы мәтіннен алынған ақпараттарды кестеге жазады, топ басшысы жауаптарды басқа топтарға таныстырады, тексеруші, жауаптардың қатесіз жазылғанын қадағалап, өзге топтардың жауаптарымен салыстырады, дұрыс жауапты белгілеп отырады. | |||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?