Қылышын кекке суырған. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 2 сабақ


САРАЛАУ

 Сабақ барысында мұғалім диалог арқылы саралауды жүзеге асырады. Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, ойларын біледі, пікір алысады.

Ой шақыру тапсырмасы

 Сабақ тақырыбын болжау үшін оқушыларға қазақ тарихындағы хандар туралы сөзжұмбақ ұсынылады. Сөзжұмбақтан құралатын сөз арқылы сабақ тақырыбы болжанады.

Кері байланыс және бағалау

 Мұғалім әр тапсырма сайын оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдап, бағалаудың түрлі тәсілдері арқылы бағалап, сындарлы кері байланыс беріп отырады. Бұл жерде мұғалім өз қалауы бойынша бірде ауызша, бірде жазбаша кері байланыс береді, дегенмен әр кері байланысты оқушы нақты түсініп, бағаның қойылу себебін білуіне назар аударады.

 Сонымен қатар мұғалім сабақ басында таныстырылған сабақ мақсаты, бағалау критерийлеріне қайта оралып, дескрипторлар негізінде бағалайды. Бұл сәтте мұғалім өзі бағалауына, оқушылар бір-бірін бағалауына немесе өзін-өзі бағалауына болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

 Тыңдалым алдындағы тапсырма оқушылардың сабаққа қызығушылықтары мен сабақ мазмұнына кіріспе яғни «starter» тапсырма ретінде беріледі. Бұл тапсырманы орындатуда мұғалім сөзжұмбақтың жауабын ұсынбай, сұрақтарды оқып, егер сұрақтар оқушылардың жауап беруіне қиындау болса, қосымша сұрақтар арқылы жауап берулеріне мүмкіндік жасайды. Сұрақтарға жауап беріп болғаннан кейін мұғалім мына кестені (сөзжұмбақтың жауабын) көрсетеді.

Қосымша ресурс:

«Аңыз адам» журналы. №21 (33) Қараша 2011 жыл



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу