Ақсақ Темір салған кесене. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 3 сабақ
Тыңдалым мәтіні
Ұлы Әмір Темірдің басты туындысы Темір өз заманының аса зұлым жаулаушысы, елдер мен қалаларды қиратушы, әлемге қорқыныш ұялататын қолбасшы ретінде танылса, бір қырынан ол аса талғампаз сәулетші де болды. Осы кезеңде Әмір Темірдің басшылығымен зәулім бақты сарайлар мен қалалар, елді мекендер, көпірлер тұрғызылған. Ол жердің бос жатуына жол бермеген. Темірдің жасампаздық өнерінің туындылары қалалар, медреселер, мешіттерге тіпті сол кезеңде европалықтардың өзі таңдана қараған. Ол өзіне дейінгі басшылар секілді парсы немесе араб құрылыстарын кайталамай, өзіндік ерекше мұсылман сәулет өнері тарихында бұрын жасалмаған дүниелерді тұрғызған. Қазақстан аумағындағы Темірдің ең үздік салдырған туындысы - Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Ахмет Яссауи XII ғасырда өмір сүрген философ, ұлы ғұлама, мейірімді, кішіпейіл, ойшыл ақын ретінде түркі жұртына танымал болды. Ахмет Яссауи - халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәу етер қасиетті әулие. Оның кесенесі - мәдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы. Ғаламтор деректерінен өңделіп, бейімделіп алынды. |
САРАЛАУ
Сабақ барысында диалог негізінде саралау жүзеге асады, яғни, тыңдалым алды, тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы сұқбатқа құрылады. Оқушылар тақырыпқа қатысты тілдік оралымдарды дұрыс қолдана отырып, сұрақ қояды және жауап береді.
БАҒАЛАУ, КЕРІ БАЙЛАНЫС
Оқушылардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыратын сұрақтарды шешуде белсенділігін арттыратын әдістердің бірі – диалог. Олар тапсырманы орындау барысында топтасады, өзара жауапкершілікті түсінеді.
Бағалау критерийлері оқу мақсатына сай нақты және түсінікті болса, күтілетін нәтижені де оқушы бағдарлап отырады. Сабақтың соңында қандай нәтижеге қол жеткізу керектігін түсінеді.
Тыңдалым – «есту арқылы түсіну» деген мағынаны білдіретін сөйлеу әрекетіне қатысты дағдылардың бірі. Тыңдалым тапсырмасын мәтіннің тақырыбын, идеясын анықтау, нақты, детальды ақпараттарды ажырату, сөйлеушінің көңіл-күйін, эмоциясын білу, сонымен бірге грамматикалық тақырыптарды өткізу үшін пайдалануға болады. Әдістемелік құралдағы тыңдалым мәтінін мұғалімнің өзі дауыстап оқып беруіне болады немесе алдын-ала диктофонға жаздырып тыңдатуына да болады.
Тыңдалым алды тапсырма арқылы оқушы:
- тақырыпқа қатысты өзі білетін ақпараттарын есіне түсіреді;
- тақырыбына назар аударады;
- тақырыпқа қатысты тірек сөздермен танысады немесе анықтайды;
- мәтін үзіндісін тыңдай отырып болжам жасайды.
Тыңдалым алды тапсырмасымен жұмыс жасап болғаннан кейін, тыңдалым тапсырмасының тақырыбын және оны қандай мақсатпен тыңдайтындығын айтып өту міндетті.
Тыңдалым тапсырмасы арқылы оқушы:
- тыңдалымнан кейінгі әрекетімен алдын-ала танысады;
- ұсынылған ақпаратты қабылдауға, түсінуге, тапсырманы орындауға дайындық жасайды;
- зейін қойып тыңдайды.
Ал «Алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау» мақсаты бойынша тыңдалым тоқтатылып, қайта қосылады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма арқылы оқушы:
- түрлі деңгейдегі, әртүрлі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап береді;
- ондағы айтылған пікірлерге қатысты өз көзқарасын білдіреді;
- айтылған ақпаратты өмірмен байланыстырады, т.б.
Дебат-диалог тапсырмасы тақырып бойынша білімдерін жинақтау үшін беріледі, бұл жерде оқушы тақырыпты екі қырынан қарастыра отырып, тұжырымдарын ортаға салады, өздері білетін қосымша ақпараттарды пайдалана алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?