file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Исатай - басшы, мен - қосшы. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 8 сабақ


Бұл сабақта

САРАЛАУ

 Сабақ барысында мұғалім диалог арқылы саралауды жүзеге асырады. Тапсырманы орындау барысында оқушыларға мұғалім сұрақ қойып, сұқбаттасады, ой-пікірлерін білдіреді. Бұл арқылы мұғалім оқушыға қолдау көрсетеді, бағыт береді.

КЕРІ БАЙЛАНЫС

 Мұғалім оқушылар тапсырманы орындап жатқанда сырттай бақылап, қай оқушының қаншалықты деңгейде орындап жатқанын «түртіп алу» әдісі бойынша дәптерге жазып жүреді. Тапсырма орындалып біткен соң мұғалім өзінің түртіп алған, байқаған мәліметтері бойынша оқушыларға кері байланыс береді. Бұл әдісті қолдануда мұғалім өте жоғары деңгейдегі жауаптармен қоса жетілдіруді қажет ететін жұмыстарға да тоқталып, қалай ілгерілетуге болатынын айтып отыруы қажет.

БАҒАЛАУ

 Мұғалім сабақ басында таныстырылған сабақ мақсаты, бағалау критерийлеріне қайта оралып,дескриптор негізінде бағалайды. Бұл сәтте мұғалім өзі бағалауына, оқушылар бір-бірін немесе өзін-өзі бағалауына болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

 Мұғалім сабақтың алғашқы тапсырмасын тақырыпқа ену мақсатында, оқушылардың қызығушылығын ояту үшін ұйымдастырады. Алдымен Махамбетке арналған өлеңнің бір шумағын тақтадан көрсетіп (мүмкіндік болмаса, қағазға да жазып таратуына да болады), оқуға шақырады. Оқушылар өлең үзіндісімен танысып болғаннан кейін өлеңде Махамбетті қалай сипаттағандығы туралы сұраққа жауап береді. Ал, екінші сұрақ қабілеті орта деңгейлі оқушыларға арналса, үшінші сұрақ қабілеті жоғары оқушылардың мүмкіндігін көрсету үшін беріледі. Сұрақтардың әр деңгейлі болуы саралау мақсаты көзделді.

Оқылым тапсырмасында оқушылар мәтінді мұқият оқып, оның мазмұны туралы топта талқылайды. Ал оқылымнан кейінгі тапсырмада оқушылар оқылым мәтінінен көнерген сөздер, эвфемизмдер мен дисфемизмдерді табады, олардың мағынасын анықтап, дәптерлеріне жазады. Бұл арқылы оқушылар лексикалық білімдерін толықтыруға мүмкіндік алады.



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу