Ержүрек батырлар. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 9 сабақ
Бұл сабақтағы САРАЛАУ
Жазылымнан кейінгі тапсырмада соңғы екі тапсырма (шартты дөңгелекпен белгіленген) қабілетті оқушыларға арналып отыр.
БАҒАЛАУ
Сабақ соңында оқушыларды шеңбер құрғызып отырғызады. Орындаған жазба жұмыстарын сағат тілімен бір-біріне жылжыта отырып, дескрипторды басшылыққа алып өзара бағалау жасайды.
Мұғалім тек қана әділ бағалау табысқа әкелетіндігін, бағалауда достық, жолдастық көңілге қарау әділдікке жатпайтындығын оқушыларға үнемі ескертіп отырғаны дұрыс.
КЕРІ БАЙЛАНЫС
Марапат, мақтау –мұғалімнің әсері зор педагогикалық құралы. Сондықтан да оқушыға дұрыс әрі орынды айтылған мақтау сөз өсіреді, оны нәтижеге бағыттайды, табысты болуға жетелейді.
1. Белсенділігі үшін марапаттаңыз. Оқушыны оның табиғи қабілеті мен интеллекті үшін емес, тапсырманы орындаудағы белсенділігі мен тырысқандығы үшін марапаттау керек.
2. Оқушының өзін емес, әрекетін мақтаңыз. Оқушыны тапсырманы орындаудағы қол жеткізген табысы үшін мақтаған жөн. Егер жеке басы туралы мақтау сөз айтсаңыз, ол өзімшіл болады, өзі туралы жоғары пікір қалыптасады.
3. Не үшін мақтап жатқаныңызды нақты айтыңыз. Оқушыға айтылған жалпы мадақтаулардың шынайылығы күмән тудырады, тиімділігі төмен болады.
4. Сыныптағы бір оқушыны ғана мақтамаңыз. Егер оқушы үйге берілген тапсырманы бір өзі ғана орындап келгені үшін мақтасаңыз, басқа оқушылардың қарсылығын тудыруы мүмкін. Ал оның басқа сыныптастарының алдында еш жазығы жоқ. Ондай жағдайда оқушының өзімен жеке сөйлесіңіз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тарихта аты қалған қазақтың ержүрек батырлары туралы тұтас мәтіннен деректер жинақтау, одан графиктік кесте сызу тапсырмалары арқылы оқушылардың логикалық ойлау дәрежесін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.
Қосымша ресурс көзі: «Қазақстан тарихы» (энциклопедиялық басылым)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?