Астана алған асулар. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Астана алған асулар (2-нұсқа) | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу, келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі). 6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтау, түсіндіру. | |||||
Сабақтың мақсаттары | Тақырыптан ауытқымай, абзацтарын құрастырып, көтерілген мәселеге өз көзқарасымен келісу, келіспеу эссе жазу. Мәтіннен негізі және қосымша ақпаратты анықтау. | |||||
Бағалау критерийі | Берілген мәтіннен эссеге қажетті негізгі, қосымша ақпаратты анықтай алады; тақырып бойынша құрылымын сақтап, көтерілген мәселеге өз көзқарасымен келісу, келіспеу эссесін жаза алады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Медаль, құрмет дипломы, фестиваль, сәулетшілер академиясы, Бүкіләлемдік сәулетшілердің триенналы Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Иә, келісемін, себебі .... Жоқ, келіспеймін, оған себеп ... | |||||
Құндылықтарды игерту | Отансүйгіштік, елжандылық | |||||
Пәнаралық байланыс | Тарих пәні | |||||
Бастапқы білім | Астана бойтұмары – «Бәйтерек» | |||||
Жоспар | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 0-5 | Қызығушылығын ояту Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын арттыру үшін жаңа сөздермен жұмыс жүргізеді. Мұғалім тақырыпқа байланысты бірнеше тірек сөзді тақтаға шашыраңқы етіп жазады. Тірек сөздер: жетістік, табыс, марапат, мәртебе, халықаралық, бүкіләлемдік, құрмет, баға, сәулетші. Оқушылардан келесі сұрақтарға жауап беруді сұрайды: - Сабақ не туралы болады? - Мына сөздерге тағы қандай сөздер қоса аласыз? - Қай сөз таныс емес? - Таныс емес сөздерге анықтамалар беріңіз. Бұл тапсырма сабақтың тақырыбын дұрыс болжауға бағытталады. Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
| |||||
Сабақтың ортасы 5-11 11-25 25-35 | Жазылым алды тапсырма «Ойлан/жұптас/талқыла» Мұғалім сынып оқушыларын бірнеше топқа қабілеттерін ескере отырып бөледі. «Ойлан/жұптас/талқыла» кезінде олар алдымен жеке (2 минут), жұппен (2 минут), топпен (1 минут) жұмыс істейді. 1. Эссеге қажетті ақпарат алу үшін «Астана алған асулар» мәтінін оқиды. 2. Көзқарасын негіздеуге қажетті ақпараттарды іріктейді. 3. Эссе, оның түрлері мен құрылымы туралы мәліметті жеке оқиды, жұппен талқылайды, топпен бөліседі. Жазылым тапсырмасы
Жазылымнан кейінгі тапсырма Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін «ШЫН», «ЖАЛҒАН» әдісін қолданылады. 1) Астана қаласы «Қалалар бейбітшілік үшін» медалімен марапатталды. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»? 2) «Сәулет-2001» халықаралық фестивалінде сәулетшілер академиясының үлкен Күміс дипломымен марапатталды. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»? 3) 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде «Бәйтерек» кешеніне гран-при берілмеді. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»? 4) Бішкек қаласында өткен сәулетшілер фестиваліне «Бәйтерек» монументі қатысқан жоқ. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»? 5) 2003 жылы Болгарияның София қаласында Астана Күміс медальмен марапатталды. «ШЫН»? «ЖАЛҒАН»? Дескриптор:
Мұғалімнің бағалауы және өзіндік бағалау Мұғалім бағалау критерийлері бойынша не сәтті, не сәтсіз болғанына тоқталып, сындарлы кері байланыс береді. Мұғалімнің бағалауы оқушыларға көмектесу арқылы оқу жалғастыруға көмектеседі яғни оқу үдерісін бағалайды. Бағалаудың негізгі түйіні - оқушыларды оқуға бағыттау және оларға мүмкіндік беру.
| 1-таратпа «Эссе құрылымы» 2-таратпа «Астана алған асулар» («KAHOOT» қосымшасын қолдануға болады. Сілтемесі: http://didaktor.ru/kahoot-programma-dlya-sozdaniya-viktorin-didakticheskix-igr-i-testov/) | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия «Мозаика» әдісі
| |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?