Астанада өткен ЕХРО көрмесі. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 7 сабақ
Кері байланыс беру үшін мұғалімге әдістемелік көмек
Марапат, мақтау – мұғалімнің әсері зор педагогикалық құралы. Сондықтан да оқушыға дұрыс әрі орынды айтылған мақтау сөз өсіреді, оны нәтижеге бағыттайды, табысты болуға жетелейді.
1. Белсенділігі үшін марапаттаңыз. Оқушыны оның табиғи қабілеті мен интеллекті үшін емес, тапсырманы орындаудағы белсенділігі мен тырысқандығы үшін марапаттау керек.
2. Оқушының өзін емес, әрекетін мақтаңыз. Оқушыны тапсырманы орындаудағы қол жеткізген табысы үшін мақтаған жөн. Егер жеке басы туралы мақтау сөз айтсаңыз, ол өзімшіл болады, өзі туралы жоғары пікір қалыптасады.
3. Не үшін мақтап жатқаныңызды нақты айтыңыз. Оқушыға айтылған жалпы мадақтаулардың шынайылығы күмән тудырады, тиімділігі төмен болады.
4. Сыныптағы бір оқушыны ғана мақтамаңыз. Егер оқушы үйге берілген тапсырманы бір өзі ғана орындап келгені үшін мақтасаңыз, басқа оқушылардың қарсылығын тудыруы мүмкін. Ал оның басқа сыныптастарының алдында еш жазығы жоқ. Ондай жағдайда оқушының өзімен жеке сөйлесіңіз.
Эссе жазуда өзіндік көзқарасты негіздеу үшін тіркестер (оқушыларға саралау мақсатында ұсынуға болады):
Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны, …, Мен шын мәнісінде сенемін…, Ал маған келер болсақ…, Артықшылығымен кемшілігін санамалау Артықшылықтардың бірі…, Келесі артықшылығы…, Тағы басқа артықшылықтарына тоқталсақ…, Басты артықшылығы, Ең маңыздысы…, Ең басты артықшылығы…болып табылады, өйткені…
Көзқарасты санамалау:
Біріншіден…, Бірінш іорында…, Бәрінен бұрын…, Екіншіден…, Үшіншіден…, Қорытындасында…,
Бір сұраққа қатысты тағы да ой қосу:
Сонымен қатар…, Сондай-ақ…, мұны/оны айтпағанда…, Бұл мәселеге қосар болсақ…, Бұдан басқа…, …Оны айтпағанда…, Басқа ресурстарға сілтеме жасау Сілтемелерге сүйенсек…, Соңғы ғылыми зерттеулерге сүйенсек…, Браунхилл (2013ж) ұсынады…
Көзқарасқа акцент жасау
Шындығында …, Заңдылық…, Сөзсіз…, айқын …, Әрине…,
Мысалдар келтіру:
Мысалға…, Мысалы…, Мысалға алсақ…
Басқа адамдардың ой-пікірін білдіру:
Көпшіліктің пікірінше…, Кейбір адамдар аргументтерді ... пайдасына келтіреді …, Көпшіліктің пайымдауынша, …, Кейбір адамдар …. атап өтеді, …, көпшілікке тараған көзқарасқа тарамастан …
Қорытынды жасау:
Қорытындылай келе…, Қорытындасында…, Барлығын басшылыққа ала отырып…, Барлық пайымдауларды ескере келе…, Жоғарыдағы пікірлерді ескере келе…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?