Астана – әсем қала. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 9 сабақ
1-таратпа
Тапсырма:
Сөйлемдерді оқы. Осындағы айтылған ойға көзқарасың қандай? Пікірді қолдайсың ба, қарсы пікір білдіресің бе? Бұл пікірмен қаншалықты келісесің? Көзқарасыңды негіздеп, пікіріңді білдіріп 35-40 сөзден тұратын эссе жаз.
«Бүгінде Астана қаласы адам танымастай өзгерді. Қонақтардың көбі бұрынғы астанамыз Алматымен салыстырғанда ұлттық нақыштағы ою-өрнектер қала көшелерінде кең қолданыс тапқандығын айтады. Тіпті, көшелерге берілген көне қала атаулары мен қазақтың ақын-жазушылары, билері мен хандарының есімдері қалаға ерекше күш беріп тұрғандай».
2-таратпа
«Көрермендер», «Журналистер» топтары өткізетін сұрақ алаңының тақырыбы – «Астана –әсем қала».
«Көрермен» тобындағылар «Журналист» тобынан бір оқушыны таңдайды. Сұрақ алаңына шақырады, сұрағын қояды, жауабын диктафонға жазып алады.
Сұрақ алаңындағы әңгімеде пайдаланылуға ұсынылатын сөздер:
конгресс зал, жылжымалы шатыр, толеранттылық, 4D кинотеатр, сыйымдылық
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?