Астана – әсем қала. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Астана – әсем қала (1-нұсқа) | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу; («келісу, келіспеу» эссесі); | |||||
Сабақтың мақсаттары | Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу; («келісу, келіспеу» эссесі) | |||||
Бағалау критерийі | «Астана – әсем қала» тақырыбына эссе жазады; эссе тақырыбынан ауытқымайды; абзац түрлерін жүйелі құрастырады; келісу-келіспеу себептерін айқын жазады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Конгресс зал, жылжымалы шатыр, толеранттылық, 4D кинотеатр, сыйымдылық Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны... | |||||
Құндылықтарды игерту | Ел астанасы туралы мәтіндер арқылы туған елге сүйіспеншілігін ояту | |||||
Пәнаралық байланыс | Тарих пәні | |||||
Бастапқы білім | Ұлттық музей – Қазақстан тарихының жылнамасы | |||||
Жоспар | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 0-5 | Қызығушылығын ояту Сөйлемдер құрастыру Тапсырма сыныппен орындалады. Мұғалім оқушыларға Астана сөзінен басталатын бес сөйлем құрастыруды сұрайды.
1. Астана - 2. Астана ... 3. Астана ... 4. Астана ... 5. Астана ... Сөйлемдер Астана қаласының ерекшелігі, ондағы ғимараттар мен жағымды жаңалықтар туралы болуы тиіс. Грамматикалық және мағына жағынан дұрыс құрылуы талап етіледі, егер оқушылар қате жіберген жағдайда сыныппен бірге ұсыныс жасап қатесін түзетуге қолдау көрсетеді. Бұнда оқушының сабақ тақырыбын қаншалықты түсінуімен қатар, сөйлем құрастыра алуы, сөздік қоры, айқындалады. Мұғалім оқушыларды тыңдап болған соң жауаптарды қорытындылап, сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
| 1-таратпа | ||||
Сабақтың ортасы 5-15 15-30 30-35 | Жазылым алды тапсырма Мұғалім оқушыларға «Астана – әсем қала» видеосын ұсынады. Ондағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын білдіруге қажетті ақпараттар беру. «Шеринг» әдісі арқылы Оқушылар видео мазмұнынан түсінгендері бойынша ойларын жинақтайды, пікір алмасады. Жұмыс алгоритмі:
Жазылым тапсырмасы Мұғалім оқушыларға тапсырма шартын түсіндіреді: «Бүгінде Астана қаласы адам танымастай өзгерді. Қонақтардың көбі бұрынғы астанамыз Алматымен салыстырғанда ұлттық нақыштағы ою-өрнектер қала көшелерінде кең қолданыс тапқандығын айтады. Тіпті, көшелерге берілген көне қала атаулары мен қазақтың ақын-жазушылары, билері мен хандарының есімдері қалаға ерекше күш беріп тұрғандай». Бұл пікірмен қаншалықты келісесің? Өз пікіріңді білдіріп эссе жаз. Эссе көлемі 35-40 сөзді қамтиды.
Жазылымнан кейінгі тапсырма Сынып екі топқа бөлінеді. Бір топ –«Көрермендер», екінші топ – «Журналистер». «Көрермен» тобындағылар «Журналист» тобынан бір оқушыны таңдайды. Сұрақ алаңына шақырады, сұрағын қояды, жауабын диктафонға жазып алады. Сұрақ алаңының бүгінгі тақырыбы – «Астана – әсем қала». Сұрақ алаңындағы әңгімеде келесі сөздерді пайдалануға ұсыныс жасалады: (саралау үшін) конгресс зал, жылжымалы шатыр, толеранттылық, 4D кинотеатр, сыйымдылық Дескриптор:
Мұғалімнің сындарлы кері байланысы келесі тіркестерден тұрады: Ұтымды шыққан ... ... Тапсырма шартына сай, бірақ шығармашылықты қажет ететін ... Әлі де жетілдіре түсетін жауаптар... Креативті ... ... бірақ көркем тіл жетіспейді. | «Астана – әсем қала_9-сабақ_видео_1-нұсқа» 1-таратпа 2-таратпа | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия «Тақырыптың басты сұрағы не болды?» Мұғалім «Астана – әсем қала» тақырыбы бойынша сабақты қорытындылайды. Астананың әсем көркін айшықтап, оның мәдениет пен өнер ордасына айналуына ықпал еткен мәдени, оқу орындары туралы айтып, сабақты қорытындылайды. | |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?