Астана – әсем қала. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Астана – әсем қала

(1-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу; («келісу, келіспеу» эссесі);

 Сабақтың мақсаттары

Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу; («келісу, келіспеу» эссесі)

 Бағалау критерийі

«Астана – әсем қала» тақырыбына эссе жазады; эссе тақырыбынан ауытқымайды; абзац түрлерін жүйелі құрастырады; келісу-келіспеу себептерін айқын жазады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Конгресс зал, жылжымалы шатыр, толеранттылық, 4D кинотеатр, сыйымдылық

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны...

Құндылықтарды игерту

Ел астанасы туралы мәтіндер арқылы туған елге сүйіспеншілігін ояту

Пәнаралық байланыс

Тарих пәні

Бастапқы білім

Ұлттық музей – Қазақстан тарихының жылнамасы

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылығын ояту

  «Карусель» әдісі

 Мұғалім әрбір флипчатқа әртүрлі Астана туралы кіші тақырыптар жазады (тақырыптар саны сыныптағы топтар санына сәйкес болса тиімді болады):

  • «Астана-цирк туралы»
  • «Астана балет және опера театры туралы»
  • «Назарбаев университеті туралы»
  • «ЭКСПО көрмесі туралы»
  • «Ұлттық музей туралы».

 Оларды бөлменің әр жеріне қояды. Оқушыларды топтарға «Мозайка» әдісі арқылы төрт-бес топқа бөледі. Әр топқа әр түрлі түстегі маркер береді және әр топта бір хатшының сайлануын қадағалайды. Мұғалім оқушыларға жазуға аз уақыт берілетінін түсіндіреді. Оларға алдыңғы топтың жазғанын қосуға рұқсат етілмейді. Оқушыларға әр топ әрбір постермен жұмыс жасай алуы үшін қай топ қалай қозғалатынын (мысалы:сағат тілі бойынша) түсіндіреді. Оқушыларға 30-90 секундтың аралығында жазуға уақыт береді. Берілген уақыт аяқталғанда оқушылардың келесі постерге ауысуын немесе келесі топпен постерлерін ауыстыруларын сұрайды. Постерлер 3-4 рет ауысқаннан кейін тапсырманы тоқтатады, әр топ соңғы постердегі жазылғандарды дауыстап оқып, сыныппен бөліседі.

 Мұғалім оқушыларды тыңдап болған соң жауаптарды қорытындылап, сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

 

1-таратпа

Сабақтың ортасы

5-15

15-30

30-35

Жазылым алды тапсырма

«Дебат шеңберлері»

Орындалу алгоритмі:

  • оқушылар сыныптың ішінде шеңбер құрып тұрады.
  • мұғалім «Астананың көркеюіне менің үлесім бар/жоқ» деген мәселені ұсынады.
  • Астананың көркеюіне менің үлесім бар деген оқушылар ішкі шеңбер құрады, ал үлесім жоқ деген оқушылар сыртқы шеңбер құрайды.
  • келесіде олар өз көзқарастарын ұстанып бір-бірін өз позициясына тартуға тырысады.
  • мұғалім пікірталасты тыңдап, олардың түсінуін бағалайды.
  • Оқушылар өз көзқарастарын қалыптастырған соң олар сыртқы және ішкі шеңберде кезекпен өздерінің қандай көзқарасты таңдағандарын айтады.
  • «Астана – әсем қала» видеосын тамашалайды. Эссеге қажет фактілер мен тірек сөздерді түртіп алады.

Жазылым тапсырмасы

 «Астананың көркеюіне менің де үлесім» деген тақырыпта эссе жазады. Эссе көлемі 35-40 сөзді қамтиды.

 

 Жазылымнан кейінгі тапсырма

«Конвейер» әдісі

Оқушылар шеңбер құрып отырады. Сағат тілімен жылжыта отырып, бірінің жұмысын екіншісіне беріп, жазған эссе жұмыстарымен танысады.

Дескриптор:

  • Берілген тақырыпқа сай эссе жазады;
  • Эссенің тақырыбынан ауытқымайды;
  • Абзацтар жүйесін сақтайды;
  • Келісу-келіспеу себептерін айқын жазады.

Өзара бағалау

«Бір тілек, бір ұсыныс» арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.

Мұғалімнің бағалауы

 Мұғалім сабақтың өн бойында күнделікті өзін-өзі бағалау журналына оқушылардың сабақ барысында қабылдаған білімі, дағдылары мен шеберліктерін бағалап белгі түсіріп отырады. Сабақ кезіндегі оқушылардың алға жылжу деңгейлерін және соған сәйкес білімдерін әрі карай жетілдіруі үшін жәрдемдеседі. 

«Астана – әсем қала_9-сабақ_видео_1-нұсқа»

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

 «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі

 Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі.

 Мұғалім «Астана – әсем қала» тақырыбы бойынша сабақты қорытындылайды. Астананың әсем көркін айшықтап, оның мәдениет пен өнер ордасына айналуына ықпал еткен мәдени, оқу орындары туралы айтып, сабақты қорытындылайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу