Астананың тұрғындары. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 11 сабақ
1-қосымша
«Кейіпкердің Астананы жақсы көретінін қай тұстан байқауға болады?» деген сұраққа жауаптар:
- «Мама, қарашы, қандай әдемі қалада тұрамыз!»
- «Керуен» деген демалыс орны бар. Сауда-саттық және ойын-сауық орталығы.
- Сосын «Бәйтеректің» айналасында қыдырғанды ұнатамыз. Қаламызда саябақтар да көбейді. Тәуелсіздік көшесінен Абылай хан көшесіне дейін бірнеше саябақ ашылды. Серуендейтін жер көп!
- Шетелге Астананың фотолары бар ашықхаттар, кәдесыйларды ала барам.
- Сосын фотолар бойынша Астана туралы әңгімелеп берем.
- Осылайша шетелдік талантты балаларды Астананы көруге шақырып жүрмін.
2-қосымша
Рефлексия кезінде «Бес саусақ» әдісін ұйымдастыру бойынша мұғалімге әдістемелік көмек
«Бес саусақ» әдісі оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал етеді.
Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
1. «Бас бармақ» - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек» - бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза еттім?
3. «Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек» - шынайылық. Сабақтағы өз әрекетім ұнады ма? Неліктен?
5. «Кішкентай бөбек» - көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?