Әлемнің жеті кереметі. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 2 сабақ


Оқылым алдындағы тапсырма.

Әлемнің жеті кереметін не біріктіреді және қандай айырмашылықтары бар? Осы туралы ойланып, венн диаграммасын толтырыңыз.

Оқылым тапсырмасы

Оқушылар мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.    

                        

  • Мәтіндегі қай керемет сенің ойыңша рейтингтің бірінші орнына орналасу керек?
  • Қай жеті кереметті қайта қалыпқа келтіру керек? Неліктен?
  • Әлемнің жаңа жеті кереметін қабылдау орынды ма? Неліктен?

Оқушылар осы сұрақтарға «ПОПС» формуласы арқылы пікір білдіріп, комментарий жасаңыз.

                                           

Оқылым мәтіні

    ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлкарнайн (Александр Македонский) Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері. Олар: 1. Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған. 2. Вавилонның (Бабылдың) аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған. 3. Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде өлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған. 4. Олимпияда Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фиди алтын мен піл сүйегінен жасаған.5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған. 6. Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 ж. жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 ж. жер сілкінісі кезінде қираған. 7. Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.

  Бағалау критерийлері:

  • Мәтін мазмұнын түсінеді;
  • Мәтіндегі ақпаратқа комментарий білдіреді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Жеті кереметтің көне суреттері табылды деп елестетіңіз. «РАФТ» тәсілі арқылы мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып, суреттерді көпшілікке таныстырыңыз.

  • Рөл – суретші
  • Аудитория - көрмеге келушілер
  • Форма – таныстырылым
  • Тақырып – жеті кереметтің көне суреттерін таныстыру


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу