Әлемнің жаңа жеті кереметі. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 3 сабақ


1-ресурс

Оқылым дағдысы

 Оқылым – қабылдауға байланысты дағдының түріне жатады. Оқылым дағдысына мәтіннің жалпы мазмұнын түсіну ғана емес, сонымен қатар мәтіндегі ақпаратты іріктеп оқу, болжап оқу,әр түрлі ресурс көздерінен ақпараттарды алып оқу жатады.

Оқылымның бірнеше стратегиялары бар. Олар болжап оқу, автордың идеясын тауып оқу, қорытынды жасай отырып оқу, мазмұнын түсініп оқу т.б.

 Әр оқушы оқылым стратегиясын мақсатқа сай қолдана алады. Мәселен, адамдар көшеден немесе дүкеннен кітап, газет-журнал сатып алар болса оның барлық бетін ақтарып оқып жатпастан, мұқабасына назар аударады. Мұқабасындағы суретке немесе жазуларға қарап, журналдың мазмұнын болжайды. Мұндай жағдайда шолып оқу, болжап оқу стратегиялары жүзеге асады. Сонымен қатар, күнделікті қолданатын кез-келген тұрмыстық заттардың нұсқаулықтарын оқу (дәрі-дәрмекті қолдану нұсқаулығы, тағамдардың жарамдылық мерзімі, құрамы туралы т.б ) оқылым дағдысы болып табылады.

 ТКТ кітабында тілді оқытуға байланысты мынадай шешуші концепциялар аталады.

1. Оқушының ана тіліндегі оқылым дағдысы дұрыс қалыптасуы тиіс, сонда ғана екінші тілді үйренуі жеңілдей түспек. Оқушы ана тілінде қолданған амалдарын екінші тілді үйренуде де сәтті қолдана алады.

2. Оқушыға өз бетімен оқуға мейлінше көп тапсырмалар берілгені жөн. Мұның негізінде оқушы оқылым дағдыларын емін-еркін қолдануға төселеді.

3.Оқылым түрлері оқушының жас ерекшелігіне орай таңдалуы тиіс.

4. Оқылымға таңдалған мәтін оқушыны қызықтыратын тақырыптар болғаны абзал.

5. Қиын мәтіндерді ұсынуда оған жеңіл тапсырмалар құрылады, ал жеңіл мәтіндерге керісінше қиын тапсырмалар құрылады.

6. Оқылымға табиғи тілде жазылған дүниелер де кем берілмеуі керек. Эксперттердің айтуынша жеңілдетілген мәтіндер мен түпнұсқа мәтіндер теңдес деңгейде беріліп отырғаны дұрыс.

7. Оқылым сабағын ұйымдастыруда кіріспе жаттығулары (оқылым алды тапсырмасы, оқылатын мәтін тақырыбы, онда кездесетін жаңа сөздер т.б.), негізгі жаттығулар (көзделген оқылым дағдысы дамытылады), оқылымнан кейінгі жаттығулар (мәтінді өмірмен байланыстыра талқылау, маңызды бөліктерге назар аударту т.б.) жүйелі қолданылады.

 Оқылым дағдысын дамытуға бағытталған сабақтың құрылымы оқылым алды, оқылым, оқылымнан кейінгі тапсырмалардан тұрады.

Оқылым алдындағы тапсырма: мәтінде кездесін сөздерді үйрету, мәтінге дайындау, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.

Оқылым тапсырмасы: оқылым стратегияларын қолдану арқылы дайындалған тапсырмалар. Олар жалпы мазмұнды түсінуден, нақты ақпаратты табуға қарай бағытталады.

Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет.

 Сонымен қатар, сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай құрылуы керек.

Белгілі халықаралық зерттеулер (PISA, TIMSS, PIRLS) оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін тексерумен айналысатыны белгілі. Соның ішінде оқу сауаттылығына да ерекше назар аударылған.

Функционалдық оқу – тапсырманың шешімін табу немесе орындау мақсатында ақпаратты іздеу үшін оқу. Функционалдық оқу кезінде шолып оқу (сканерлеу) және аналитикалық оқу (кілт сөздерді анықтау, цитаталар таңдау, схема, график, таблицалар құру) тәсілдері қолданылады.

 Оқушылардың оқу сауаттылығы мектеп қабырғасында қалыптасады. Сол себепті, мектеп оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретуі керек. Мұғалім сабақта күнделікті өмірдегі маңызды мәселерді шешуге бағыттауы тиіс. Сол себепті де, сабақта пайдалануға таңдалатын материалдар да шынайы өмірден болғаны дұрыс. Оқылым немесе жазылым материалы ретінде жарнама, нұсқаулық, ас мәзірі,кіру билетін таңдауға болады. Осы материалдар негізінде тапсырмалар мен тесттер ғана емес, рөлдік ойындар,түрлі сайыстар, шығармашылық жұмыстар ұйымдастыруға болады.

Мысалы, оқушыларға театрдың немесе кинотеатрдың кіру билетін беріп, сол бойынша сұрақтар қоюға болады.

 Сіз Астана қаласына қыдырып келдіңіз. Сізге осы екі билетті досыңыз сыйға тартты.

1.Бұл билеттермен қайда баруға болады?

2.Билеттің құны қанша?

3.Қойылымның негізгі тақырыбы қандай?

Сабақ процесінде өмірлік маңызы бар мәселерді шешуге үйрету де өте маңызды.

 Өмірлік маңызды мәселелерге төмендегілерді жатқызуға болады.

Мемлекеттік мекеме, жастар орталығы, жұмыспен қамту орталықтарындағы жұмыс туралы ақпаратты іздеу және т.с.с.

Электронды анкета, сауалнама, тіркелу анкеталарын толтыру.

Көліктің барлық түріне жол жүру билетін іздеу. Көліктің жүру кестесі.

Демалыс пен ойын-сауық туралы ақпаратпен жұмыс.

Ауа райы туралы сайттарды қолдану.

Географиялық картамен жұмыс.

Ғаламтор арқылы сауда жасау.

Фильм,музыка, кітап туралы ақпараттарды іздеу.

 Оқылым стратегияларын меңгеру арқылы оқушылар ақпаратты толық түсінуге, оны қолдануға, мәтіннен маңызды ақпаратты іріктеуге дағдыланады.

2-ресурс

  • Бүгін не үйрендіңіздер?
  • Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
  • Келесі сабақта қандай мәселелерге аса назар аудару керек?
  • Сабақ қызық өтті ме?
  • Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?
  • Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?
  • Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді?
  • Осы тақырып бойынша тағы да қандай ақпарат көздерін оқисыз?
  • Бүгін не үйрендіңіздер?
  • Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
  • Келесі сабақта қандай мәселелерге аса назар аудару керек?
  • Сабақ қызық өтті ме?
  • Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?
  • Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?
  • Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді?
  • Осы тақырып бойынша тағы да қандай ақпарат көздерін оқисыз?
  • Бүгін не үйрендіңіздер?
  • Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
  • Келесі сабақта қандай мәселелерге аса назар аудару керек?
  • Сабақ қызық өтті ме?
  • Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?
  • Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?
  • Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді?
  • Осы тақырып бойынша тағы да қандай ақпарат көздерін оқисыз?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу