Әлемнің жаңа жеті кереметі. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Жакыпжанова А.С | |||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | |||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Әлемнің жаңа жеті кереметі | |||||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.6.1. Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар:
| |||||||||||||||
Бағалау критерийлері
|
| |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Іріктеп оқу, комментарий жасау, негізгі ой, тірек сөздер Жазылым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері: Менің ойымша; менің көзқарасым тұрғысынан; менің пайымдауымша; орынды деп санаймын т.с.с | |||||||||||||||
Құндылықтар | Өмір бойы оқу, ынтымақтастық | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | География | |||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Қазақстандағы көрікті жерлер», «Ұлттық және отбасылық құндылықтар» бөлімдері арқылы оқушылардың оқылым дағдылары дамытылды. | |||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | «Орны ауыстырылған әріптер» Мұғалім әлемнің жаңа жеті кереметінің атауын әріптердің орнын ауыстырып тақтаға іліп қояды. Оқушылар осы атауларды табуы керек. Мұғалім оқушыларға 3 минут уақыт береді. Берілген уақытта оқушылар барынша көп сөзді табуы керек, таба алмағандарын мұғалім өзі көрсетіп, тақтаға жазады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.
Мұғалім оқушылармен осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты, сабақ мақсаттары және бағалау критерийлерін талқылайды. | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 5 минут 10 минут | Оқылым алдындағы тапсырма. Мұғалім оқушыларға талқылау сұрақтарын қояды. Оқушылар сұрақтарды жұпта көршісімен талқылап, жауап береді. Талқылау сұрақтары.
Дескриптор:
Дескрипторға сай мұғалім кері байланыс береді. Оқылым тапсырмасы. 1-тапсырма. Оқушыларға әлемнің жаңа жеті кереметі туралы мәтін беріледі. Оқушылар мәтінді оқи отырып, мәтіннің шетіндегі ашық жерге білгі қойып отырады. «V» - егер сіз оқып отырған ақпарат сіз білетін ақпаратпен сәйкес келсе «V» (қанат) белгісін қойыңыз. «-» - егер оқып отырған ақпарат сіз білетін ақпаратпен сәйкес келмесе немесе басқаша болса «-» (алу) белгісін қойыңыз. «+» - егер алынған ақпарат сіз үшін жаңа, бұрын естімеген болса «+» (қосу) белгісін қойыңыз. «?» - егер ақпарат сіз үшін күдікті немесе таңқалдырса, осы туралы тереңірек білгіңіз келсе «?» қойыңыз. Кейін осы белгілерге қарап, төмендегі кестені толтырады. Толтырылған кестені көршісімен салыстырады, талқылайды, белгіні не себепті қойғанын түсіндіреді.
Дескриптор:
Жұптағы оқушылар бірін-бірі дескрипторға сай бағалайды. 2-тапсырма. Мәтіннің әр бөлігі бойынша негізгі ойды ашатын тірек сөздер мен тіркестерді іріктеп, әр бөлімдегі ойды бір-екі сөйлеммен жазады. Дескриптор:
Оқылымнан кейінгі тапсырма. Топтық тапсырма. Мұғалім оқушыларды шағын жеті топқа бөледі. Топқа бөлу үшін әлемнің жаңа жеті кереметінің суреттерін пайдаланады. Оқушыларға суреттерді ұсынып, соған байланысты топқа бөледі. Жарнама жазу. Топтар ұсынылған әлемнің жеті кереметінің бірімен танысып, тамашалауға шақырып, жарнама мәтінін жазады. Дескриптор:
Оқушылар өз жарнамаларын сынып қабырғасына іліп қояды. Топтар «галереяны шарлау» әдісі арқылы танысып, дескрипторға сай бірін-бірі бағалайды, кері байланыс береді. | https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/sayahatty-syemin/125/ Үлестірме материалдар Бағалау парақтары Топқа бөлуге арналған суреттер | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия. Шығу парағы – сабақ соңында оқушылар бірнеше сұраққа (2-3 сұрақ) жазбаша жауап береді. Сыныптан шығарда осы парақты беру арқылы шыға алады. Ол сұрақтар (немесе тапсырмалар) сабақты қорытындылап,оқушының алған білімін, сабақтың қалай өткендігін бағалайды: - Бүгін не үйрендіңіздер? - Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар? - Келесі сабақта қандай мәселелерге аса назар аудару керек? - Сабақ қызық өтті ме? - Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды? - Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? - Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді? | Рефлексия парағы | ||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?