Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек? Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 9 сабақ


Мәтінді оқып, жазылым барысында ақпараттарды тиімді қолданыңыз.

 Әлемнің жеті кереметі туралы көп естіп, біліп жүрміз. Бір өкініштісі, осы кереметтердің ішінде сақталғаны – Хеопс пирамидасы ғана, ал қалғандары біздің заманымызға дейін сақталмаған. Сондықтан да әлемнің жаңа жеті кереметін қабылдып, бүгінде осы жеті кереметті таңдана тамашалап келеміз. Бұл тізімге енген ғажайыптардың көбі де көненің көзі.

 Әлемнің жеті кереметін уақыт өткен сайын неге жаңғыртып тұрмасқа? Әлем дамып, өркендеп келеді. Өркениет заманында адамзатты таңқалдыратын талай ғимараттар бой көтеруде, сол себепті де осы жаңа ғажайып туындыларды жеті керемет қатарына қосу керек емес пе?! ХХІ ғасырдағы архитектураның дамығаны соншалық – адам баласының аспанға қол созуына мүмкіндік туып отыр.

 Мәселен, төменде мені қатты таңқалдырған, ғажап ғимараттарды әлемнің кереметтеріне теңер едім. Ендеше, таныс болыңыздар:

1. Патша мұнарасы

 Патша мұнарасы болашақта әлемдегі ең биік ғимараттар көшін бастамақ. Араб еліннің төрінен орын алған бұл ғимарат 2019 жылы қолданысқа беріледі деп болжам жасалуда. 1.2 млрд АҚШ долларына салынып жатқан ғимараттың ішінде: кондоминимдер, керемет кеңселер, обсерватория, «Four Seasons» қонақ үйі және 157 қабатында әлемдегі ең биік терраса орналаспақ.

2. Шанхай мұнарасы

 Қытайдағы 121 қабатты Шанхай мұнарасының құрылысы 1993 жылы басталған болатын. Араға 21 жыл салып, құрылыс жұмыстары аяқталды. 4.2 млрд АҚШ доллары жұмсалған алып ғимаратта әлі де әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлемдегі биіктігі жағынан екінші орында тұрған бұл ғимараттың салтанатты ашылу рәсімі 2015 жылы өтеді деп жоспарлануда. Десе де, ғажайып ғимаратқа қызығушылық танытқан миллиондаған адам таңғажайып өнер туындыларының көрермені болып үлгерді. Көкпен таласқан «көк шатыр» табиғат апаттарына төзімді әйнекпен қапталған.

3. Дубай Перл

 Дубайда әлемнің бөлшегі формасында жасанды аралдар жасалған болатын. Қарапайым тұрғын үйге ұқсас биік сауда орталығын салуға әзірге жұмбақ болып отырған атақты адам шешім қабылдаған. Парсы шығанағының көрінісімен 73 қабатты Дубай Перл құрылысы 2009 жылы басталған және 2016 жылы аяқталуы тиіс. "Ішкі қалада" көктегі көпір арқылы жалғасқан 4 мұнара және халықаралық Дубай кинофестивалі өтетін 1800 орынды премиум-театр салу жоспарланған.

4. Даванг таулы шипажайы

 Қарапайым қонақ үйлерден шаршадыңыз ба? Олай болса, 2016 жылы қос жартаспен «құшақтаса орналасқан» Қытайдың Даванг таулы шипажайы сіздерді асыға күтеді. 170 метр аумақты алып жатқан алып шипажайда мұз айдыны, жабық шаңғы кешені, аквапаркпен қатар аспалы бақша орын алған.

https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/22147/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу