Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру керек пе? Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Әлемнің жеті кереметі

Мектеп: НЗМ Талдықорған қаласы

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Қалықбекова Б.Т.

Сынып: 6

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру керек пе?

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.4.1 -эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.

(«келісу, келіспеу» эссесі).

6.4.1.1 -тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • Көтерілген мәселені жан-жақты талқылайды;
  • Тақырыптан ауытқымай, келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп эссе жазады;
  • жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

 Бағалау критерийлері

 

Барлық оқушылар: эссе тақырыбынан ауытқымай, көтерілген мәселе бойынша жазаады, мардымсыз орфографиялық қателер жібереді;

Оқушылардың көпшілігі: эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша себептерін көрсетіп жазады, тақырып бойынша сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады;

Кейбір оқушылар: эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады, тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Жеті кереметтен маңызды дүниелер, адам еңбегінің жемісі және т.б.

Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша...

Менің пайымдауым бойынша...

Мен бұл мәселеге қатысты мынадай пікірдемін...

Өз сөзіме дәлел ретінде, негізінен, әсіресе.... және т.б.

 Құндылықтар

Құрмет,ашықтық, өмір бойы оқу.

 Пәнаралық байланыс

Тарих

Осыған дейін меңгерілген білім

«Қазақстандағы көрікті жерлер», «Ұлттық және отбасылық құндылықтар» бөлімдері арқылы оқушылардың жазылым дағдылары дамытылды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту.

Мұғалім оқушыларға «Керемет» сөзін естігенде ойына келген сөздерді үздіксіз 1 минут жазуды тапсырады. Оқушылар жеке жазады, кейін жұпта талқылап, бірдей сөздерді өшіріп, «керемет» сөзін сипаттайтын 5 сөзді қалдырады.Топқа бірігіп, тағы бес сөзді таңдап алады және топтар сыныпқа таныстырады.

Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.

Сурет

Сабақтың ортасы

10 минут

20 минут

Жазылымға дайындық.

Оқушыларға төмендегі мәтін ұсынылады. Оқушылар мәтінді оқып, мәтінде көтерілген мәселені топта «Ақылдың алты қалпағы » тәсілі арқылы талқылайды.

Мәтін.

Мысыр билігі әлемнің жеті кереметінің бірі - 700 жыл бұрын жер сілкінісінен қираған Александрия шамшырағын қалпына келтіруге ниетті, деп жазады шетелдік БАҚ. Құрылыс жобасы мақұлданған шамшырақ бұрын орналасқан жеріне жақын жерде Фарос аралына салынады. Құрылыс салушылар оны мәтіндік сипаттамасына негіздеп салмақ, себебі оның бірде-бір суреті бізге дейін жеткен жоқ. Александрия шамшырағы өз заманындағы өнер мен ғылымның ғажайып үлгісі болып табылады. Биіктігі 120 м шамасындағы үш қабатты мұнараның бірінші қабаты орасан зор шаршы көлемде әктастан тұрғызылған. Екінші қабат сегіз қырлы мұнарадан тұрады, оның сегіз қыры белгілі сегіз желдің бағытына қарай орналастырылған.

Тапсырма.

 

Ақ қалпақ

Александрия шамшырағы туралы не білеміз? Ол қайда, қай дәуірде болған? Оның ерекшелігі неде?

Қызыл қалпақ

Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру туралы естігенде қандай сезімдер туындайды? 

Сары қалпақ

Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма?

Қара қалпақ

Александрия шамшығаранын қалыпқа келтірудің жағымсыз жақтары қандай? Ол не себептен пайдасыз?

 

Жасыл қалпақ

Баламалы идеялар бар ма? нені басқаша жасауға болады?

 

Көк қалпақ

Әлемнің жеті кереметін болашақ ұрпаққа насихаттау үшін не істеу керек?

Жазылым тапсырмасы.

«Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру керек пе?» тақырыбында эссе жазады.

Жазылым барысында жоғарыда талқыланған мәселелерді, мәтіндегі ақпараттарды негізге алып жазады.

Дескриптор:

  • Тақырыптан ауытқымай жазады;
  • Құрылымын сақтайды;
  • Келісу/келіспеу себебін айқын білдіреді;
  • Орфографиялық нормаға сай жазады.

Оқушылар жазған жұмыстарын тақтаға апарып іледі. Өзгелердің жұмыстарын оқып, баға береді. Ұнатқан жұмыстарына пікір жазып, стикерлерін апарып жапсырады.

https://www.inform.kz/ru/mysyr-alemnin-zheti-keremetinin-birin-kalpyna-keltirmekshi_a2775097

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Рефлексия.

  • Бүгінгі сабақтан қандай ақпарат алдыңыз?
  • Бүгінгі сабақта алған ақпараттың алдағы өміріңізде пайдасы бар ма?
  • Сабақта қай тапсырманы орындау қиындық туғызды?
  • - Сізге қиындықты жеңу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

Стикер

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу