Бала тәрбиесі. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Бала тәрбиесі | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру | |||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды табу; Мәтінде көтерілген мәселені анықтау; Сұрақтар құрастыру білу. | |||||
Бағалау критерийлері | Мәтіннің негізгі және қосымша ақпаратын белгілейді; көтерілген мәселені анықтайды; мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Бала тәрбиесі, мейірімділік, сүйіспеншілік, тыйым сөздер, негізгі ақпарат, қосымша ақпарат, мәселе, жуан және жіңішке сұрақтар Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: Менің ойымша, біздің пікірімізше, ...болғаны жөн, ... деп ойлаймын, ...кеңес беремін. | |||||
Құндылықтарды игерту | Оқушылар тақырыпқа қатысты ұсынылған мәтін негізінде отбасындағы мейірімділік, сүйіспеншілік сияқты құндылықтардың жанұя өміріндегі рөлін анықтайды. | |||||
Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану, әдебиет | |||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар негізгі ақпараттар мен қосымша ақпараттардың айырмашылығын біледі. | |||||
Жоспар | ||||||
Жоспарлана тын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 0-5 | ТЖ. Оқылымалды тапсырма. Оқушыларға халқымыздың тыйым сөздері ұсынылады. «Ой бөлісейік» әдісі. Оқушылар 4 топқа бірігеді. Дастарханды, тамақты баспа. Кісі мініне күлме. Малды, ыдысты, тамақты теппе. Суды сапырма, суға түкірме. Көкті жұлма. Босағаны керме, құшақтама. Табалдырықты баспа, отырма. Үйді сабама, малды басқа сабама. Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.
| Тыйым сөздер | ||||
Сабақтың ортасы 5-9 9-14 14-16 16-24 24-30 30-35 | ТЖ. Оқылым тапсырмасы. Оқушылар «Бүгінгі қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы мәтінмен танысады. Оқушылардың мәтін мазмұнын түсінгендігін анықтау мақсатында «Жылдам шолу» әдісі қолданылады. Әдіс бойынша мұғалім мәтін бөліктеріндегі ақпараттарға қатысты сұрақтар қояды. Оқушылар бұл сұрақтардың жауабы мәтіннің қай бөлігінде (кіріспе, негізгі, қорытынды) айтылғанын анықтайды. Сұрақтарға жауап береді. Тапсырма. Сұрақтың жауабы мәтіннің қай бөлігінде берілгенін анықтаңдар. Сұраққа жауап беріңдер. Дескриптор:
Сұрақтар:
Оқушылар жіңішке және жуан сұрақтар ұғымымен танысады. Топта мәтіндегі негізгі, қосымша ақпаратты, мәтінде көтерілген мәселені анықтап, жіңішке және жуан сұрақтар құрастырады. Тапсырма. Мәтіннен негізгі, қосымша ақпаратты, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты жіңішке және жуан сұрақ құрастырыңдар. Дескриптор:
Оқушылар сұрақтарын стикерлерге жазады. Сағат тілі бойынша сұрақтар басқа топтарға алмастырылады. Топтар сұрақтармен танысады. Қай сұрақтың негізгі, қай сұрақтың қосымша ақпаратты және қай сұрақтың мәтін мәселесін анықтауға қатысты қойылғанын анықтайды. Сұрақтарға жауап береді. Тапсырма. Сұрақтармен танысыңдар. Сұрақтардың қайсысы негізгі, қайсысы қосымша ақпаратты, қайсысы мәселені анықтауға қатысты қойылғанын табыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер. Дескриптор:
Бағалау. Топтар өзара сұрақтардың дұрыс құрастырылуына, анықталуына және дұрыс жауап берілуіне қатысты кері байланыстарын береді. Оқылымнан кейінгі тапсырма. Оқушылар «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақалға қатысты пікірлерін білдіреді. Пікір білдіру барысында ПОПС формуласын қолданады. ПОПС формуласы Позиция (мен солай ойлаймын,...) Түсіндіру (...себебі...) Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын...) Салдар (айтылған мәселе бойынша мынадай қорытынды жасаймын...) Тапсырма. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақалға қатысты пікір білдіріңдер. Дескриптор:
Әрбір топ өз пікірін білдіріп, топтар бір-бірін өзара бағалайды. | Мәтін 1-қосымша (ықшамдалып алынды) 2-қосымша | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия. «Үлкен шеңбер» әдісі. Оқушылар шеңбер құрап тұрады немесе отырады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
| |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||
«Жылдам шолу» әдісінде қойылған сұрақтар негізінде оқушылар өз сұрақтарын құрастырулары мүмкін. Топта әрбір оқушыға құрастыратын сұрақ түрін ұсынуға болады. | Оқушылардың өзара бағалаулары мен кері байланыстары арқылы меңгеру деңгейлерін анықтауға болады. | Оқушылар топтарға бірігу, шеңберге отыру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаулары қажет. | ||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?