Қазақ отбасындағы әженің рөлі. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал.


 1-қосымша

 Сызықша мен дефис

 Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

 Бастауыш зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есімнен не заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Тіл – қоғамдық құбылыс.

 Ескерту. Бастауыштан кейін сызықша қойылуға тиісті сөйлемдердегі баяндауышқа еді, екен, болды, болады, болатын, болып табылады сияқты көмекші етістіктердің бірі тіркессе, бастауыштан кейін сызықша қойылмайды. Тіл қоғамдық құбылыс болып табылады.

 Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз, деген (дегенім, дегенің, дегені) сияқты сөз тұрса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Сөйлем дегеніміз – тиянақты ойды білдіретін бір сөз я бірнеше сөз тіркесі. Көрдім деген – көп сөз.

 Төл сөзде қойылатын сызықша

 Диалог төл сөздің алды-артынан (егер төл сөзден кейін автор сөз тұрса), тырнақшаға алынған төл сөздің артынан сызықша (–) қойылады.

  • Асқаржан, сен неткен жомартсың! – деп тамсанды Жанна.

«Қазақтар – кең жазық далаларындай жомарт, кеңпейіл халық,» – деген екен зерттеуші.

  • Мені, – деді Ольга Владимировна, – қазақтардың қонақжайлылығы қатты тамсантады.

 Ескерту. Де етістігінің қатысуы арқылы жасалған нақты бастауышы жоқ жақсы сөйлемдер де төл сөз болмайды. Мысалы, Қыстайғы қардың көптігіне қарағанда, биыл егін бітік болар дейді.

 -Айын, -ейін жұрнақты етістік пен де етістігі тіркесіп келіп, қалау, тілек мәнді сөйлемдер жасалады, олар да төл сөзді құрылым болып саналмайды. Мысалы: Киноға барайын деп едім.

 

 Мекен, уақыт, сан шендестігін білдіретін сөздердің арасына сызықша қойылады (ол -дан жалғауы мен -шейін шылауының мағынасын білдіреді). Мойынты – Шу темір жолы. Институтта күніне 6 – 8 сағат дәріс болады.

 Бұларды белгісіздік-жалпылық және болжалдық мағынасындағы қос сөз сан есімдермен шатастырмау керек. Олар дефис арқылы жазылады. Кермеге төрт-бес ат қатар байланды. Екі-үші күннен бері жаңбыр жауып тұр.

2-қосымша

Сызықша

Дефис

Қай кезде қойылады?

Айырмашылығы

3-қосымша

 Мен үшін әжем – дүниедегі асыл әжелердің ішіндегі ең ғажабы. Әжемнің бауырына басымды тығып алып маужыраймын-ай келіп. Оның жан жадыратар күсіңді исі танауымды қытықтап, өне бойымды балбыратады-ай келіп. Әжем менің…

 Тынысыңды тіліп ашатын таң самалын даладан жетектеп ерте келген қалпы маңдайымнан майдалай сипалап, аялап оятады. Жып-жылы сумен беті-қолымды «әке-көкелеп» жүріп әрең шайындырады. Оянғым келіп тұрса да, жалындырған үстіне жалындырып кергимін-ай келіп. Әжемнің қай уақытта тұрып, қашан тамақ пісіріп қоятыны маған белгісіз. Тіпті сол мәселеге бас қатырып та көрмеппін. Өйткені қашанда сары мыс самауырын екі иінінен дем алып мені күтіп тұратын.

 Алғаш рет мектеп табалдырығын аттағаным алашапқын той болды. Оны ұйымдастырған баяғы менің әжем ғой. Ауыл жұртын түгел шақырды-ау шамасы. Даурығып жүр. «Қарақтарымнан бәрі садаға,»дейді.

 Мектепке өзі ертіп апарған. Кездескен жанға мені көрсетіп немерем «нөлебайға» барады дейді. Өзі де «былай-былай» шыққанда үстіне ілетін шәлеңке көйлегі мен зерлі кимешегін киіп алыпты. Қолтығында кіл жаңа дәптер мен оншақты қаламсап салынған менің сөмкем.

Бүкіл мектеп оқушыларының ішінде әжесімен бірге келе жатқан мен ғана шығармын. Қолынан ұстаған қалпы танауымды делдитіп қоямын. Әжем барда мәртебемнің қашанда биік екенін ішім құрғыр сезеді. Қорғаным менің…

 Әжем ешқашан ашуланбайтын жан. Ең жаман сөзі «тұқымың өскір» еді. Әжемнің көзі дейтін сары сандықтан сарғыш тартқан зерлі кимешекті алып бауырыма аялап басып тұрмын. Жан-дүнием езіліп бара жатыр. Жұпарыңды аңсадым, әже! Таусылмас сағынышым менің…

4-қосымша

Тыныс белігісі

Сөздер

Қойылу себебі

Сызықша

Дефис



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу