Құндылықтар. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал.
1-қосымша
Оқушылардың аты-жөні:________________________________________________________
2-қосымша
Сұрақтар:
- Құндылық дегеніміз не?
- Құндылықтың қандай түрлері бар?
- Құндылықтардың түрлеріне қандай мысалдар келтіруге болады?
- Неліктен құндылықтарды адамға тән деп есептейді?
- Құндылықтарды анықтауда адамзат неге негізделеді?
- Экономикалық құндылықтар мен «баға жетпес» құндылықтардың айырмашылығы неде?
- Құндыны қарапайым бағалыдан, қажеттіден ажырата алудың мәні неде?
3-қосымша
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Бағаланатын жұп:
Бағалайтын жұп:
№ | Дескриптор | Комментарий | Ұсыныс |
1 | Мәтіннің құрылымдық бөліктеріне сай сұрақтарды анықтай алады | ||
2 | Мәтіннен мысал келтіре отырып сұрақтарға жауап береді |
Отбасылық құндылықтар дегеніміз не? Отбасылық құндылықтарды атаңыз.
Оқушылар жауап береді, олардың жауаптары тақтаға жазылады. Одан кейін оқытушы оқушылардың өздері айқындама жасауына алып келеді:
Отбасылық құндылықтар — бұл отбасының барлық мүшелері үшін маңызды, құнды, құрметті нәрселер, олардың ортақ қызығушылықтар алаңы.
Көптеген адамдар үшін отбасылық құндылықтар шамамен бірдей болып келеді: сүйіспеншілік, ата-ана болу, адалдық, сенім, өзара құрмет, қамқорлық, ата-бабалармен байланыс, үй... Бір сөзбен айтқанда, онсыз отбасын «отбасы» деп айту мүмкін емес жайлар. Ол – ол ма — осы факторлардың жинақтаушы элементі ретінде отбасының өзі де құндылық!
Отбасылық құндылықтардың болжалды тізбесі:
• әр отбасы мүшесіне деген құрмет, қамқорлық,
• қаржылық қамтамасыз етілу,
• денсаулық, сүйіспеншілік, өзара түсіністік,
• ортақ мақсаттар,
• отбасылық дәстүрлер,
• білім алу,
• ұрпақтар байланысы,
• балалар,
• ортақ достардың болуы,
• адал берілушілік,
• абырой,
• сенім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?