Фариза Оңғарсынова (Абайды іздеу)

 Фариза Оңғарсынова (Абайды іздеу)

Абай аға!
Биікте ме - қайда жүр аруағың?
Құлағыңа жете ме шағым-әнім?
Көкті кезіп іздер ем - жерде мені
шырмап қойды шырғалаң шаруа, мұң.

Жердің беті балшық пен былық әлі,
Жол табады жылпос пен ұры-қары.
Жұртың даңғой әм надан баяғыша.
мәз болады бір-бірін жығып әлі.

Алтын шапақ шашпай тұр қырдың таңы,
аяқты алшаң басқанға құлмын тағы.
Саған дерт боп жабысқан ел тірлігі
бүгін менің жанымды шыңғыртады.

Жылымшы өмір жанымды құлазытты,
Талмап-талмап тауыстым жыр-азықты.
Құдай емес, кісіден келген жұтан
шөлге айналған жерімнен құлан ықты.

Ашсам деген жұрт көзін қыран едің,
мерт еткенде сені де құба жерім,
ел етем деп тыртыңдау не тәшіме
керек екен десеңші мына менің!

Қалқиды әнің - рухыңның кептері ме,
ұстаймын деп әуремін текке, міне.
Дарыныңнан, ойыңнан бермей, маған
тек дертіңді жұқтырып кеткенің не?

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?