Қазақстандағы көрікті жерлер. (Шымбұлақ). Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 1-бөлім: (№1)

Қазақстандағы көрікті жерлер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кабденова С. К.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы көрікті жерлер

(Шымбұлақ)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.2.1. Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану

 Сабақтың мақсаттары

Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік қүралдар арқылы тану

 Бағалау критерийлері

  • мәтін мазмұнын түсінеді;
  • көркем сөйлеудің стильдік ерекшелігін түсінеді;
  • ауызекі сөйлеу стилінің ерекшелігін түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: күлімдеген күн, Шымбұлақ шатқалы, рухани күш, өзіне тартады т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Топпен ақылдаса келіп, өз ойымды айтар болсам т. б.

Құндылықтар

Отансүйгіштік, өз мемлекетінің жетістігі үшін мақтаныш

Пәнаралық байланыс

География, әдебиеттану

Осыған дейін меңгерілген білім

Түркістан, Бурабай

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

3 минут

5 минут

«Әріптер әлемі» жаттығуы.

Нұсқау: «Шымбұлақ» сөзі беріледі. Осы сөздегі әріптерді пайдаланып барынша көп сөз құрау қажет. Сөз құрауда бір әріпті 2 рет қайталауға болмайды. Тапсырма бөлек парақпен беріледі. Оқушы оған өз сөздерін жазады. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы 9 және одан көп сөз. Орташа деңгей – 7 – 8 сөз. Төменгі деңгей – 6 және одан аз сөз.

Ауызекі сөйлеу стилі – қазақ тілі стильдерінің бір тармағы. Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді:

1) дидарластық сөз(әңгімелесу, сұхбаттасу);

2) полемикалық (дауласу) сөз;

3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).

(Мұғалім ауызекі сөйлеу стилі мен көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін түсіндіреді)

Көркем әдебиет – сөзбен салынған сурет; оқиғаға кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөзі, мінезі, келбеті қатысып баяндалады;оқиға болған күннің реті,жер жағдайы аталады.

Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер мынадай:

1. Эмоционалдық, бейнелі,эксрессивті сөздер мол қатысады.

2. Сөйлемдердің ырғақ, интонациясы мәтінге әсерлілік беру үшін айрықша құрылады.

3. Шығарма тартымды болу үшін синоним сөзднр, тұрақты тіркестер барынша көп жұмсалады.

4. Осылардың бәрі грамматикалық амал-тәсілдерді ерекше қиюластырып қолдану арқылы беріледі.

http://dereksiz.org/auizeki-sojleu-stili-birneshe-trge-bolinedi.html

Сабақтың ортасы

3 минут

15 минут

10 минут

2 минут

Оқылым

Шымбұлақ шатқалы

 Аспанмен таласқан асқар таулардың кереметтей көрінісі, қысы-жазы тау басында жататын сәукеледей аппақ қар, ару қаланың жұмсақ климаты, саф ауа, сұлудың кірпігіндей қаз-қатар тізіле орналасқан шыршалар, сыңғырлаған күлкідей ағып жатқан өзен-бұлақтар, күлімдеген күн – бәрі де Шымбұлақта сізді күтіп тұр. Ендеше, осынша кереметтен мақұрым қалғыңыз келмесе, Шымбұлақтың шақыруын күтпеңіз, өзіңіз іздеп барыңыз.

Шымбұлақтың климаты - өте жұмсақ . Таза ауасы, тізіле орналасқан шыршалар, ағып жатқан өзен-бұлақтар – бәрі де керемет! Шымбұлақ шатқалында қар қабатының ұзақ уақыт жатуы туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларын еріксіз өзіне тартады.

Шымбұлақтың бәрінен де қысы қызық. Желтоқсан-сәуір айлары аралығында аймақты қар басып жатады. Бұл мекенде еш жерде қайталанбайтын атмосфера, ерекше рухани күш жайлаған. Таудың кереметтей көрінісі, жұмсақ климаты мен шуағы мол күндердің көп болуы, қар қабатының ұзақ уақыт жатуы туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларын еріксіз өзіне тартады.

1-тапсырма:

1) Мәтін мазмұнына сәйкес толықтырыңыз.

Шымбұлақтың климаты -.........

A) өте қиын

В) өте ауыр

С) өте ұзақ

D) өте жұмсақ

2) Мәтін мазмұнын анықтаңыз.

A) тау шаңғылық демалу орыны туралы

В) табиғат туралы

С) тау туралы

D) спорт орны туралы

2-тапсырма: Мәтінде қолданылған тілдік қолданыстарға назар аударыңыз, теріп жазып, олардың қолданылу ерекшелігін түсіндіріңіз. _________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма: Берілген мәтінді қайта оқып, ауызекі сөйлеу стилінде оны диалогке айналдырыңыз. _________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқушылар орындаған тапсырмаларын ортаға салады, мұғалім әр топтың жұмысын бақылап, өз кері байланысын береді.

http://old.el.kz/blogs/entry/content-2614

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Топ мүшелерінің жұмысына баға беріңіз

Өз іс-әрекетіңізге баға беріңіз

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу