file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қазақстандағы көрікті жерлер. (Көлсай, Хан Тәңірі, Бұқтырма). Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 1-бөлім: (№2)

Қазақстандағы көрікті жерлер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кабденова С. К.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы көрікті жерлер

(Көлсай, Хан Тәңірі, Бұқтырма)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.6.1. Оқылым стратегияларын қолдану

 Сабақтың мақсаттары

Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рольге бөліп оқу

 Бағалау критерийлері

  • Негізгі ақпаратқа пікір білдіреді;
  • Іріктеп оқиды;
  • Диалог құрады;
  • Рольге бөліп оқиды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Өсімдік әлемінің дені, Қазақстанға тиесілі, шығыс беткейі, енжар туризм т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, ... пікір білдіремін т.б.

Құндылықтар

Отансүйгіштік, өз мемлекетінің жетістігі үшін мақтаныш

Пәнаралық байланыс

Тарих, география, биология

Осыған дейін меңгерілген білім

Шымбұлақ. Шерқала.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 минут

«Қыдырып қайтайық» әні тыңдалады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, күтілетін нәтижелер таныстырылады.

Оқушылар шеңберге тұрғызылып, таңдаған түстері арқылы үш топқа бөлінеді.

https://www.youtube.com/watch?v=jSjxMri0PYQ

Сабақтың ортасы

3 минут

12 минут

7 минут

10 минут

Тақтадағы үш түрлі жұмбақтың шешуін табу ұсынылады. Топтың атаулары сол жұмбақтардың шешуіне байланысты беріледі.

Шыққанда шығыны жоқ,

Жауса жауын бүйірі тоқ,

Қыста жылтыр қақ болар,

Түртінектеп тынымы жоқ.

(Көл)Үлкен, үлкен түйені

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп.

(Тау)Ақ боз атым арынды,

Ақ көйлекке малынды,

Таудан тасты атқылап,

Таудан түсті шапқылап.

(Өзен)Топ атауларына байланысты үш түрлі мәтін ұсынылады.

ОҚЫЛЫМ

1-топқа: Көлсай

Бұл көздің жауын алған жауһар дүние - Көлсай теңіз деңгейінен 1800-3500 метр биіктікте орналасқан. Көлсайдың тамаша өңірі жануарлар мен өсімдік әлеміне бай. Тіпті ғажайып мекенде сирек әрі жоғалып бара жатқан табиғат дүниесі мен жануарлар ұшырасып жатады. Ұлттық парк аумағында 40 түрлі жабайы жеміс-жидектің жеуге жарамдысы өседі. Олар: шетен, барбарис, таңқурай, қой қарақат, ит мұрын, шырғанақ, қой бүлдірген, рауғаш, жабайы пияз, сарымсақ, тағы басқалар. Мұнда емдік қасиеті бар жұпаргүл, уқорғасын, томар дәрі, қондық шавель, қалақай, мың тамыр, пижма, кипрей, жалбыз, өгей шөп, қылқан жапырақ өседі. Ақ жаңбырлардан кейін көркін, бар тұлғасын аша жайнап тұратын өсімдік әлемінің дені емдік қасиетке толы. Жаңбырдан кейінгі жұпар шашқан түрлі иісіне не жетсін, шіркін?!

Көлсай өңірінде 226-ға тарта жан-жануарлар кездеседі. Жалпы алғанда, Қазақстандағы жануарлардың 21 пайызын дәл осы өңір құрайды. Аталған жан-жануарлардың ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген сүт қоректілердің 6 түрі, құстардың 13 түрі бар. ҚР Қызыл кітабына енген жануарлар түрлерінің 17 пайызы осында.

Қанат БІРЖАНСАЛ

2-топқа: Хан тәңірі шыңы

Айналасындағы өзгелерден әлдеқайда биік тұрған пирамида тәріздес бұл шың - Тәңір тауында. Оңтүстік-шығыс жағында Чапаев шыңы, шығысында Саладин шыңы тұр.

Шың бойымен батысқа,  одан кейін Сарыжаз жотасындағы Семенов шыңына апаратын солтүстік-батыс бағытпен Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара өтеді.  Таудың Қазақстанға тиесілі солтүстік беткейлері Солтүстік Иныльчек мұздығының циркіне кіреді. Оңтүстік беткейлері Оңтүстік Иныльчек пен Семенов мұздығына, шығыс беткейлері Разорванный мұздығына (Оңтүстік Иныльчек мұздығының циркі) қарайды.

1857 жылы П.П. Семенов–Тянь-Шанский Тянь-Шань биік таулы тобын зерттей келе былай деп жазды: «Біз күндізгі сағат бірлер шамасында таулы өткел үстіне жеткенімізде көз шағылысардай күтпеген көрініске тап болдық. Біздің тура оңтүстігімізден өз басым бұрын-соңды көрмеген ең үлкен жотаны көрдім. Жотада төбесін қар басқан оқшау алыптар жатыр. Соның ішінде пирамида тәрізді үшкіл ақ басты шың басқалардан екі есе биік көрінді…». Бұл – аңызға айналған Хан Тәңірі шыңы болатын.

Хан Тәңірі деген ұғымның мағынасы «Рухтар әміршісі, құдайлар патшасы, аспан әміршісі» деген мағынаны білдіреді.». Хан-Тәңірінің қырғызша атауы Кан-Тоо, яғни «Қанды тау». Ымырт түсе қан-қызыл күн сәулесіне шомылатын осынау заңғар да маңғаз шың еріксіз назар аудартады.

3-топқа: Бұқтырма

Шығыс Қазақстан облысы аумағымен ағып өтетін өзен, Ертістің оңтүстік саласы. Бұл өзенде су қоймасы орналасқан, ол әлемдегі жасанды су қоймаларының ішіндегі ең ірілерінің бірі. Бұқтырма су қоймасы Ертіс өзенімен жүретін кемелерге ыңғайлы жол салады, сонымен қатар балық шаруашылын кең дамытқан. Екі бөліктен тұрады: Ертіс өзенінің бойы мен Зайсан көлі.

Бұқтырма су қоймасының жағасында Өскемен қаласынан 101 шақырымда Оңтүстік Алтай бауырында Жаңа Бұқтырма кенті орналасқан. Ол Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданына кіреді.

Бұқтырманың оңтүстік және солтүстік жағалаулары туристердің сүйікті орны, сондықтан демалыс аймағы болып табылады. Сол жағалауы енжар туризмге арналса, оң жағалауы белсенді демалыс үшін өте ыңғайлы.

1-тапсырма: «Сканерлеп оқу» стратегиясы.

1) Мәтінді оқып, түртіп алу арқылы негізгі ақпаратты анықтаңдар. ЖЖ

2) Негізгі ақпаратқа пікір білдіріңіздер.

_________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма: «Іріктеп оқу» стратегиясы

1) Мәтінді бірінші жақтан оқып шығыңыз. ЖЖ

3-тапсырма: «Рольге бөліп оқу» стратегиясы

Мәтінге диалог құрып, рольге бөліп оқыңыз. ЖЖ

Әр тапсырмадан соң мұғалімнің кері байланысы беріліп тұрады.

https://www.zharar.com/kz/zhumbak/1387-earth.html

http://anatili.kazgazeta.kz

http://almatyregion-tour.kz/

http://qazaqstan3d.kz

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу