Аспан әлемінің құпиялары. Қазақ тілі, 5 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ
Оқушының аты – жөні __________________________________________________________
Оқу мақсаты: 5Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау: Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау;
Мәтін
І нұсқа
Сайын далада көшіп қонып жүрген қазақ халқын табиғаттың тыл баласы деуге болады. Олар табиғаттағы барлық құбылыстарды ырым етумен қатар киелі нәрсе деп ұғып табыну білген. Ертедегі адамдардың нәресте-пәк көңіл - санасы күңді, айды, жұлдұздарды, бүкіл жарық дүниені құрмет тұтты.
Ескі наным бойынша, жұлдыздар асыл тастардан үйүлген таулар, олар жерден соншалықты қашықтықта нүктедей болып қана көрінеді. Қазақтар жұлдыздардың жер бетіндегі бақытқа әсер ететініне сенеді. Олардың пікірінше, әрбір жұлдыз жердегі әрбүр адамның жанымен сәйкес келеді, адам өлгенде оның аспандағы жұлдызы да ағылып түседі. Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген қазақтар «Менің жұлдызым жоғары» деп айтатын болған. Бақытты адамды «жұлдұзы жаңған» деген.
Қазақ халқында Кемпірқосаққа байланысты мынадай аңыз бар: «Аспан әлемінде алып кемпір өмір сүреді. Ол өте тамақсау, күніне қырық қой, қырық мес қымыс ішеді. Оның қойларында есеп жоқ, күні түні аспан әлемінде жайұлып жүреді. Бірақ қойларының түсі жеті түсті- қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көкшіл болып келеді. Жамбыр жауғаннан кейін күн шыққан бойда кемпір қойларын жердегі қазақ әйелдерше қосақтап сауға кіріседі.» Сондықтан қазақтар жаңбырдан кейін көрінетін бұл құбылысты кемпір қосақ деп атайтын болған.
Мәтін
ІІ нұсқа ( дұрысы)
Сайын далада көшіп қонып жүрген қазақ халқын табиғаттың төл баласы деуге болады. Олар табиғаттағы барлық құбылыстарды ырым етумен қатар киелі нәрсе деп ұғып табына білген. Ертедегі адамдардың нәресте-пәк көңіл-санасы күнді, айды, жұлдыздарды, бүкіл жарық дүниені құрмет тұтты.
Кейбір адамдардың ойынша, жұлдыздар асыл тастардан үйілген таулар, олар жерден соншалықты қашықтықта нүктедей болып қана көрінеді. Қазақтар жұлдыздардың жер бетіндегі бақытқа әсер ететініне сенеді. Олардың пікірінше, әрбір жұлдыз жердегі әрбір адамның жанымен сәйкес келеді, адам өлгенде оның аспандағы жұлдызы да ағып түседі. Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген қазақтар «Менің жұлдызым жоғары» деп айтатын болған. Бақытты адамды «жұлдызы жанған» деген.
Қазақ халқында Кемпірқосаққа байланысты мынадай аңыз бар: «Аспан әлемінде алып кемпір өмір сүреді. Ол өте тамақсау, күніне қырық қой, қырық мес қымыз ішеді. Оның қойларында есеп жоқ, күні түні аспан әлемінде жайылып жүреді. Бірақ қойларының түсі жеті түсті- қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көкшіл болып келеді. Жаңбыр жауғаннан кейін күн шыққан бойда кемпір қойларын жердегі қазақ әйелдерше қосақтап саууға кіріседі.» Сондықтан қазақтар жаңбырдан кейін көрінетін бұл құбылысты кемпірқосақ деп атайтын болған.
Жазылым тапсырмасы Ж
Тапсырма: Алдыңғы тапсырмада дайындаған шаблонды қолданып, берілген мәтінді түзетіп, редакциялап қайта жазыңыз.
Нұсқаулық:
1.Мәтіндегі сөздер мен сөз оралымдарының берілуіндегі жіберілген қатені табыңыз.
2.Тыныс белгілерді орынды пайдаланыңыз.
3. Мәтін мазмұны оқырманға тартымды болу үшін, кейбір сөздер мен сөз тіркестерін мағыналас тіркестермен ауыстырып қолданыңыз. Мағынаның сақталуына назар аударыңыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды