Жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары №9
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Көлік және жол белгілері №9 | Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Козбагарова Б.М. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | ӘТН 5 Пунктуациялық норма. Ж2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзін мәтін ішінен анықтайды. Көптеген оқушылар орындай алады: Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдана алады. Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазады. Кейбір оқушылар орындай алады: Төл сөз автор сөздерінің орындарын еркін ауыстырып, қолданады. Жанрлық ерекшеліктеріне сай хабарландыру құрастырып жазады. Хабарландыру түрлерін ажырата алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдана алады. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жаза алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа білімді игеру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөздердің пунктуациялық ерекшеліктері. Мына сөздердің мағынасын түсіндіру және сөйлеу барысында дұрыс қолдануға жаттықтыру: жолақ жол, жиек жол, жол асты жолы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу | Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру дағдылары дамытылды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар ланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөз дер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
3 минут Сабақтың ортасы
3 минут
2 минут + 3 минут
5 минут 2 минут 3 минут 3 минут
6 минут 7 минут | Қызығушылықты ояту Суреттер бойынша оқушыларды топтарға бөлу.
1. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақ жол. 2.Жаяу жүргіншілерге арналған жиек жол. 3.Жаяу жүргіншілерге арналған жер асты жолы. 4. Жаяу жүргіншілерге арналған аспа жол (көпір). Суреттер бойынша ортақ тақырыпты анықтау. - Барлық суреттерде жаяу жүргіншілерге арналған жол түрлері берілген. Жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты хабарланады. Мағынаны ажырату 1.Тілдік бөлім Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөздердің тыныс белгілері. Қабілеті жоғары оқушылардын төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілері сызбасы сұралады. Мұғалім пысықтайды.
Ж.Ж Оқылым алды сұрақ: Көлік жолында салынған жолақ жолдың жаяу жүргінші үшін маңыздылығы қандай деп ойлайсыздар? Мәтінмен танысу. (Жеке танысып, жұпта әңгімелейді) «Мейірімді ала құлан» ертегісі Ертеде Африкада жолақты кішкентай ала құлан (зебра) өмір сүріпті. Ол ақкөңіл және мейірімді екен. Ала құлан Африка жануарларының бәрімен де тату-тәтті өмір сүріпті. Бірде құрылысшылар келіп, бұлар мекендейтін аймаққа үлкен жол салған екен. Бұл жолмен автобустар, жеңіл және жүк көліктері тоқтаусыз ағылып жүре бастапты. Еркіндікте өмір сүріп үйренген Африка жануарлары енді жолдың арғы бетіне өтуге қорқатын болыпты. Бірде түйеқұс жолдың арғы бетінде тұратын әпкесіне қонаққа бармақшы болады. Ол жолдан өтуге қорқып ала құланға Бүгін жолдың арғы бетінде тұратын әпкеме қонаққа бару керек едім. Бірақ үлкен жолдың арғы бетіне өтуге қорқып тұрғаным депті. Сонда ала құлан көп ойланбастан Жүр, мен саған жолдың арғы бетіне өтуге көмектесейін депті. Екеуі жолға жақындағанда ала құлан жолдың ортасына барып тұра қалады. Осы кезде ары-бері ағыл-тегіл тоқтаусыз өтіп жатқан көліктер тоқтаған екен. Өйткені ала құланның терісіндегі жолақтары алыстан жарқырап анық көрінетін еді. Түйеқұс болса көліктердің тоқтаған сәтін пайдаланып, жолдың арғы бетіне өте шығады. Ол ала құланға Саған үлкен рахмет деп ары қарай кете барады. Міне осыдан кейін жаяу жүргіншілерге арнап жолақ сызық белгілері салынатын болыпты. Жүргізушілердің барлығы осы жолақ сызықты көргенде тоқтап, әрқашан жаяу жүргіншілерге жол береді екен. 1.2.Практикалық бөлім. Ж.Ж Мәтін бойынша төл сөз, автор сөзінің тыныс белгісін қойып, төлеу сөзге айналдырыңыз. (Қабілеті жоғары оқушылар төл сөз автор сөздерінің орындарын ауыстырып, тыныс белгілерін қояды).
Дескрипторлар: 1.Жазылымда төл сөз бен автор сөзі, төлеу сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдана алады. 2.Төл сөз бен автор сөзінің орнын еркін ауыстыра алады. Кері байланыс: «Үш шапалақ» әдісі Сергіту сәті. (Оқушылар жүргіншілерге жолақ жолдан өтуге көмектесу үшін алдын-ала қағаздарға жазып, жеке-жеке қиылған жолдар мен олардың сипаттамаларын сәйкестендеру қажет. Әр топтың тапсырмасын белгілі бір түсте дайындауға болады). Т 1-топқа
2-топқа
3-топқа
4-топқа
2.Хабарландыру – бір нәрсе туралы хабарлау мақсатында газетке, журналға, басылған немесе бір жерге ілініп қойылған мәтін.
Хабарланатын мәселенің мазмұны мен мақсатына қарай хабарландыру түрлі-түрлі көлемімен, көркемделуімен ерекшеленеді.
Ж.Ж - Т Жазылым. Сіздің мектебіңіздегі 4-сынып оқушылары арасында «Бағдаршамның үш көзі» тақырыбында мектеп ауласындағы асфальтта сурет салу байқауы өтпекші. Оқушыларды байқауға қатысуға шақырған хабарландыру жазыңыз. Хабарландыру құрылымын сақтаңыз. (60-80 сөз) ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ (Оқушылар жазба жұмысты дәптерде орындап, жұпта, топта оқиды. Топ оқушылары өздеріне ұнаған бір хабарландыруды сыныпта оқиды). Дескрипторлар: 1.Хабарландыру құрылымын сақтап жаза алады. 2.Қабілеті жоғары оқушылар хабарландыру түрлерін ажырата алады. Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі | Слайд, үлестірме қағаздар http://lujayka.com/posts/410-pochemu-na-doroge-risujut-zebru/ сайтынан өңделіп алынған | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия. Ақ түс – мен үйрендім. Қара түс - үйренгім келеді.
Үйге тапсырма: Қабілеті жақсы және жоғары оқушылар орындайды: төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін сақтай отырып, жол белгілері арасында диалогке құрылған ертегі жазу (25-30 сөйлем). Қабілеті орта оқушылар орындайды: жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілерінің суреттерін салып келу (кемінде 3 сурет). | Рефлексия парағы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бағалау критерийі арқылы жұптық, топтық бағалау жүргізіледі. Оқушылардың өзін бағалауы мен мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асады. | Әдебиет пәнімен байланыстырылады. Оқушы бойында ынтымақтастық, құрмет құндылықтары қалыптасады.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?