Көліктердің дамуы. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: 3 | Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Үсен Айгүл Мырзакелдіқызы | ||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар саны: 20 | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Көліктердің дамуы | ||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | О1 Ақпаратты түсіну. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау; Ж1 Жоспар құру Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру. | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Мәтін мазмұнын түсінеді; Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды Қарапайым жоспар құрады; Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтиды. | ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: «ПОПС» формуласы • Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... » • Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » • Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... » | ||||||||||||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру; | ||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдалану үшін интербелсенді тақтаны қолданады. | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | экономика | ||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу | Алдыңғы сабақта оқушылар көліктер туралы тыңдалым материалы бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерін білдірген. | ||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылықты ояту Қай сан қай аймаққа тиесілі? Оқушыларға 01-16 аралығында сандар жазылған жетондар таралып беріледі. Оқушылар көлік нөмірлеріндегі соңғы екі санның қай аймаққа тиесілі екенін табу керек.
Астана қаласы – 01 Алматы қаласы – 02 Ақмола облысы – 03 Ақтөбе облысы – 04 Алматы облысы – 05 Атырау облысы – 06 Батыс Қазақстан облысы – 07 Жамбыл облысы – 08 Қарағанды облысы – 09 Қостанай облысы – 10 Қызылорда облысы – 11 Маңғыстау облысы 12 Оңтүстік Қазақстан облысы – 13 Павлодар облысы – 14 Солтүстік Қазақстан облысы – 15 Шығыс Қазақстан облысы – 16 Топқа бөлуТүскен аймақтарға қарай оқушылар 4 топқа бөлінеді:
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын, жетістік критерийлерін таныстыру: | Үлестірме материалдар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 2 минут 3 минут 5 минут 5 минут 7 минут 5 минут 5 минут 5 минут | Оқылым алды сұрақтар:
1-топ 2-топ 3-топ 4-топ Білу Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпараттардың мәтін екенін дәлелдеңіздер.Мәтін не туралы? Мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын анықтаңыздар. Түсіну Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыздар
Қолдану «Неліктен» стратегиясы «Пирамида» әдісі бойынша өз мәтіндеріңізді талдаңыздар, себептерін анықтап, шешім шығарыңыздар. Бағалау «Бас бармақ» Талдау Әңгіме-дебат Ақпарат көздерінің дерегіне сүйенсек, қазір Қазақстанда 4 миллионға жуық көлік бар. Олардың 12 мыңы ғана газбен жүреді. Қалай ойлайсыз, көлікке тиімдісі не: газ ба, бензин бе? Жинақтау Мәтінге жоспар құрыңыз. «Көлікке тиімдісі не: газ ба, бензин бе?» тақырыбында эссе жазу үшін деректердегі ақпараттарды пайдаланып, күрделі жоспар құрыңыздар. Жоспар құруға үлгі схема. І. Кіріспе бөлім. 1. Тезис ІІ. Негізгі бөлім. 1.Тезис: 2.Тезис: 3.Тезис. ІІІ.Қорытынды бөлім Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» Бағалау Алдағы нәтижелерді болжаңыз. 2050 жылға дейін келешектің «кемеңгер көліктері» қандай болады деп ойлайсыз? Бағалау «Бас бармақ» | Диаграмма, суреттер Үлестірме материалдар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы «Бүгін мен...................... білдім» 2.«................. қызықты болды» «.......................... қиын болды» 3.« ......................... екенін түсіндім» 4.«Мен..................................... білім алдым» 5. «.................. мені таң қалдырды» Үйге тапсырма: «Көлікке тиімдісі не: газ ба, бензин бе?» тақырыбында эссе жазу | стикер | |||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?