Көлік және жол белгілері. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 8

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нұрмағамбетова Нұрсәуле Абзалқызы

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны: 20

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Көлік және жол белгілері

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А3 Мәтіннен ақпаратты анықтау

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.

 Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Тыңдалған мәтіндердегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай алады.

 Бағалау критерийі

Мәтін мазмұнын түсінеді;

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

Тілдік мақсат

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

«ПОПС» формуласы

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

 Сабақта қамтылатын

құндылықтар

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдалану үшін интербелсенді тақтаны қолданады.

Пәнаралық байланыс

экономика

Алдыңғы оқу

Қиял әлемі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 минут

Қызығушылықты ояту

Ой қозғау

– Жол белгілері туралы не білесіздер?

«Мен жол белгілері туралы не білемін?»

«INSERT» кестесінің бірінші бағанын толтыру ұсынылады. Білгенін сынып оқушыларымен бөліседі.

Мен білемін

Мен білдім

Менің білгім келеді

«Ойлан, жұптас, талқыла»

Суреттегі жол белгілерін сөйлетіп көр. Олар нені білдіреді?

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын, жетістік критерийлерін таныстыру.

кеспе

слайд

Сабақтың ортасы

3 минут

9 минут

8 минут

5 минут

8 минут

Тыңдалым алды сұрақтар:

  • Жол белгілері не үшін керек?
  • Егер жол белгілері болмаса, не болар еді?
  • Жол белгілері нені білдіретінін білесің бе?

«Жол белгілері және жол таңбалары» тақырыбындағы тыңдалым материалы оқушыларға 2 рет тыңдауға ұсынылады.

Жорға сұрақтар:

  • Оқиға қай қалада орын алды?
  • Ол күнгі қарбалас қалай сипатталады?
  • Бейнебянның басты кейіпкерлері кімдер?
  • Руби мен Дони қайда бара жатыр еді?
  • Жаяу жүргіншілер жолымен жүрмегенде, қандай жағдай орын алуы мүмкін?
  • Адамның сатыға шығып бара жатқаны сияқты белгі нені білдіреді?
  • Трамвай және автобус аялдамасы белгісінің қандай айырмашылығы бар?
  • Автобус неге өзінің күнделікті жолымен жүрмеді?
  • Жол жүру ережелерін бұзудың салдары неге соқтырады?
  • Сабаққа кешікпеу үшін, көшенің келесі бетіне белгіленбеген жерден өтуге болады ма? Неге?
  • Донидің іс-әрекеті бүкіл мектепке айтуға лайық па? Неге?
  • Бейнебаяннан Руби мен Донидің қандай адамдар екенін білеміз?

Сәйкестендіріңіз.

Жол жөндеу жұмыстары жүруде

Жаяу жүргінші жолы

Автобус аялдамасы

Жерасты өтпе жолы

Жерүсті өтпе жолы

Жаяу жүргіншілерге тыйым салынады

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыздар.

Негізгі ақпараттар

Қосымша ақпараттар

Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»

https://www.youtube.com/watch?v=uXi90N17XmQ

Үлестірме материалиалдар

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. «INSERT» кестесінің соңғы 2 бағанын толтыру ұсынылады.

Мен білемін

Мен білдім

Менің білгім келеді

Үйге тапсырма: «Жол белгілері мен таңбаларын білудің маңызы қанша?» тақырыбында эссе жазу. Сөз саны: 80-100.

стикер

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу