Жануарлар әлемі. Қазақ тілі, 5 сынып, қалыптастырушы бағалау. 5 сабақ
Қалыптастырушы бағалау
Пән: | қазақ тілі |
Сынып: | 5 |
Бөлім/Тақырып | 4-бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі |
Оқыту мақсаты | ӘТН 3 Лексикалық норма: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну және қолдану |
Бағалау критерийі | Омоним, антоним, синонимдерді анықтап, көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады. |
Тапсырма | Оқылым тапсырмасы. Мәтін негізінде төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. http://massaget.kz/layfstayl/debiet/ertegi/6265/ сайтындағы ертегі оқуға ұсынылады. Түлкі мен қырғауыл Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп: - Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халың қалай? – дейді. Қырғауыл: - Жақсы өзің қалай тұрасың? – дейді. Түлкі: - Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді. Қырғауыл: - Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді. Түлкі: - Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді. Қырғауыл: - Жақсы хабарыңыз бар екен, рахмет достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, естісін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды артына қарамастан қаша жөнеледі. Қырғауыл: – Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді. Түлкі: – Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп. Тапсырма:
3. Мәтіннен алынған сөздердің антонимін тауып түсіндір, сөйлем құра. |
Бағалау критерийі Омоним, антоним, синонимдерді анықтап, көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады. | Дескриптор:
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?