Өсімдіктер әлемі. Қазақ тілі, 5 сынып, таратпа материал. 3 сабақ


Оқылым алдындағы тапсырма.

Берілген өсімдіктерді мұқият қарап, иісі, түр-түсі бойынша атын анықтай аласыздар ма?

Оқитын мәтініміз не туралы болатынына болжам жасаңыздар.

Бұл өсімдіктерді халқымыз қандай мақсатта пайдаланғанын білесіздер ме?

Оқылым тапсырмасы

Мәтінді оқыңыздар.

Қазақстан шөлдерінде қандай өсімдіктер өседі?

 Қазақстан шөлдерінде аты айтып тұрғандай ыстыққа, құрғақшылыққа өте төзімді өсімдіктер өседі. Солардың кейбіреуімен таныстырамыз.

 Ақ сексеуілдің ұшар басы ақшылдау болып келеді. Сексеуілдің ағашы өте мықты әрі ауыр болғандықтан, суға батып кетеді. Бұл таскөмір беретіндей жылу бөле алатын бағалы отын. Тамырының ұзындығы 10 метрден асып жығылатын сексеуілдің жер бетіндегі діңі бес метрден асады. Оның ұзын әрі кеңінен тармақталған тамырлары сусымалы құмды торлап алып, оның қозғалысын тежейді. Осы себепті сексеуіл құмды тоқтатуға таптырмайтын өсімдік болып табылады. Шөлге төзімді, жас өркендерін қыста қой, түйе жақсы жейді.

  Адыраспан өзіне тән өте күшті иісі бар көпжылдық өсімдік ақшыл сары немесе ақшыл түсті гүл атады. Оның түтіні адамды тыныштандырады, денені босаңсытып, дезинфекциялайды. Мөлшеріне қарай адыраспан емдеп, уландыра алады. Уы сабы мен гүлінде. Өсімдік талай рет адам баласын обадан, жұқпалы аурулардан сақтап қалған. Мың жыл бұрын Ибн Сина өзінің Ережелерінде адыраспанның масайтатын қасиеті бар екенін жазған. Адыраспанның есірткіге, тәуелділікке қарсы тұра алатын қабілеті бар. Сондықтан бұл өсімдік алкоголь мен никотинге тәуелділіктен емдеу үшін қолданылады. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышымасын емдейді. Тіс ауырғанда, ұмытшақтыққа шалдыққанда, тері бөрткенде т.б. аурулардан емдеу үшін адыраспанды пайдаланған.

 Қисық қанатты шырыш Қарақұм, Қызылқұм, Балқаш маңы және Іле маңы шөлдерінде ылғалды, тығыздалған, кейде сусымалы құмда өседі. Құмды шөлде орналасқан қалаларды көгалдандыруға ыңғайлы. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді. Түрін қараңызшы?! Өте әдемі емес пе? "Шөл даланың ханшайымы" деп атауға болатындай.

 Баттауықтың көпжылдық бұтасының өркендері сәуірдің ортасында немесе аяғында өсе бастайды. Баттауық Қазақстанда, Түркменияда, Өзбекстанда, Қырғызстанның кейбір ауданында, Солтүстік Кавказдың шығыс аудандары мен Әзірбайжанда кездеседі. Ол шөл және шөлейт жазықтар мен аласа беткейлерде, тығыз, саздақты немесе құмды жыныстарда өседі. Тауға қарай теңіз деңгейінен 400 метр биіктікке көтерілмейді.

 Жусан көп жылдық, кейде бір-екі жыл өсетін шөптесін өсімдік. Қазақстан жерінде 100-ден аса түрі бар. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жусанды мал жейді, тұрмыста дәрілік өсімдік ретінде қолданады.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/16336/

Оқылымнан кейінгі тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша бірнеше қарапайым, тағы бірнеше анықтауыштық сұрақ құрастырыңыз.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:

Қарапайым сұрақ

Анықтуыштық сұрақ

4-тапсырма. Омоним, синоним сөздерді еске түсіріңіз.

Мәтіндегі сөздермен жұмыс.

1. Мәтіннен алынған сөздердің омонимін тауып түсіндіріңіз, әрқайсысына сөйлем құрап көріңіз: ат, ақ, бас, ауыр, бөл, от, жас, қыс, тән, мал, қанат, қала, т.б.

2. Мәтіннен алынған сөздердің синонимін тауып жазыңыз: төзімді, ұшар басы, бағалы, жер бетіндегі, сусымалы, өзіне тән т.б.

Жаттығу жұпта бағалау парағы (кілт) арқылы бағаланады.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау парағы

омонимдер

«+» «-»

синонимдер

«+»

«-»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу