Ана тәрбиесі. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Б.Тукай

Сынып: 5 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер.

Сабақтың тақырыбы

Ана тәрбиесі

Сабақтың түрі

Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Ж3.Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.

5ӘТН1 Орфографиялық норма. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: сурет желісі бойынша әңгіме құрастырады

Көптеген оқушылар: тілдік мақсаттарды қолдана отырып, әңгіме құрастырады.

Кейбір оқушылар: орфографиялық норманы сақтайды, тілдік мақсаттарға сүйене отырып әңгіме құрастырады.

Бағалау критерийлері

  • суреттерге сүйене отырып әңгіме жазады;
  • орфографиялық норманы сақтайды;
  • тілдік мақсаттарды әңгіме жазуда орынды қолданады;

Дескриптор

  • сабақ тақырыбын анықтайды;
  • суретке сүйене отырып 70-80 сөз көлемінде әңгіме жазады;
  • тақырыпты ашады;
  • тілдік мақсаттарды орынды қолданады;
  • орфографиялық норманы сақтайды;

Тілдік міндеттер

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар:

  • Алып – анадан туады;
  • Туған жерге деген махаббат ананың сүтімен дариды;
  • Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада;
  • Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың;

Құндылықтар

Патриоттық тәрбие мен азаматтық жауапкершілік.

Мұғалім сюжетті суреттердің желісі арқылы әңгіме жазғыза отырып, ана тәрбиесінің маңыздылығын көтереді, туған жерге сүйіспеншілігін арттырады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Отбасы құндылықтары

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

5 мин

Мұғалім оқушылармен амандасады, оқушының дайындығына назар аударады

Қызығушылықты ояту/сабақ тақырыбына шығу

Мұғалім:

-Балалар мына суреттен не байқап отырсыздар?

-Қандай отбасылық дәстүрлерді білесіздер?

-Отбасылық дәстүрдің қандай маңызы бар?

-Біздің сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

Ықтимал жауаптар

  • Суреттен әженің немересіне әлди айтып отырғандығын аңғарамыз
  • Әже мен ананың бала тәрбиесіндегі рөлін байқаймыз

Тақырыпқа шығу.

Мұғалім: Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

  • Ана тәрбиесі

Оқыту мақсатымен мұғалім таныстырады.

Оқушылар оқыту мақсатына сәйкес сабақ мақсатын және жетістік критерийлерін құрастырады.

Сілтеме: презентацияның 3-4 беттері

1-слайд

Слайд №3-4

Сабақтың ортасы

25 мин

Тапсырма. Жұптық жұмыс. Сурет мен жоспарға сүйене отырып шағын 70-80 сөзден тұратын әңгіме жазыңыз. Әңгімеде тілдік мақсатта көрсетілген сөздерді орынды қолдануға көңіл бөліңіз.

Тілдік мақсат:

  • Алып – анадан туады;
  • Туған жерге деген махаббат ананың сүтімен дариды;
  • Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада;
  • Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың;

Әңгіменің жоспары

Ана махаббатына бөленген бала

Әже тағылымы

Алып – анадан туады

Оқушы әңгімесін сынып алдында «автор орындығына» отырып жариялайды

Бағалау: бағалау критерийі бойынша мұғалімнің кері байланысы

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

Оқушылар сабақ барысында алған 3 жаңа алған ақпаратын, сабақта кездескен 2 қиыншылықты және сабақтың ұнаған 1 аспектісі туралы айтады.

Мұғалімнің оқушыға берген кері байланысы

Үйге тапсырма: Ана туралы 5 мақал-мәтел жаттап келу

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Оқушылар білетін мақал-мәтелдің санына сараланып топтасады. Жазылым дағдысын арттыру үшін мұғалім алдын ала тілдік мақсаттарды ұсынады. Сонымен қатар, сабақтың өн бойында жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыға бағыт береді.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың барлығы

Әңгіме жазуда тілдік оралымдарды қолдана алады;

Кейбір оқушылар жағдаяттық сюжетті әңгіме жазады.

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Әңгіменің ішінде өзінің өлеңін енгізуге болады.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Жұмыс нәтижесі жетістік критерийлері арқылы бағаланады.

Пәнаралық байланыс – тарих, география.

Отбасы құндылықтары.

Отан – отбасынан басталады.

Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік танытты.

Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері жүзеге асты.

Келесі сабақта креативтілік принципін қолдануға болады. Оқушылар отбасындағы қандай заманауи дәстүр мен мерекелерді енгізуге/өзгертуге болады деген сұрақ төңірегінде ойланады.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: таңдалған ресурс көздері

2:тілдік мақсатпен жұмыс

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: жұптық жұмыс формасын қолдану

2: әңгіме жазу

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Тілдік мақсатты жетілдіре түсуді басты назарда ұстау керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу