Өмірдің иесі – ана. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті | Мектеп: Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ | |||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Слямова А.Р. | |||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 (оқыту тілі қазақ тілінде) | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||
Бөлім атауы | Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Өмірдің иесі – ана | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ | |||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | О5. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Қажетті ақпаратты анықтау үшін сұрақтар құрастыра білу. | |||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||
Дескрипторлар |
| |||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Оқушылар сөздік қорларын кеңейтеді. Өз ойын жүйелі де еркін жеткізе отырып, өзгенің пікірін тыңдай біледі. Пән лексикасы және терминология:ана, ана қасиеті, отбасы Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша жанама ақпарат ол - , оны мен былай түсіндіремін. | |||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Оқушылар бір-бірін тыңдауда шыдамдылық таныта біледі, сыныптастарына құрметпен қарайды. Жұппен, топта жұмыс істей алады. | |||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Биология /жануарларлың анасымен қатысы/ | |||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | - | |||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | Қызығушылықты ояту кезеңі
Оқушылардың күтілетін жауабы:
Мұғалім:
Оқу мақсаттарын анықтау. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау. Дескриптормен таныстыру.
| |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Оқылымалды кезеңі. Төменде берілген сөздердің мағынасы анықталады. Тіршілік иесі – Құдірет иесі – Мәпелеу – Несібе – Үн қату - Оқылым кезеңі. Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана, Келтірген дүниеге нелер дана. Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ, Өмірдің алтын кілті сонда ғана, - дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана. Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен, Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең. Аналық махаббатың кәусар бұлақ, Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ. Адам “адам” болғысы келсе, алдымен Ананы қастерлей білуі керек. Өмірде Ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек. Ғалымдар адам Аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл Ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты Ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, Ана құшағы ғана. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен Ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі Анаңа, тағы да Анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда. “Егер атаң мен Анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі Анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-Анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл Ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын Ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші! Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса, сөз – сөздің ең төресі: Анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның Анасын да солай сыйла, барлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса. 1-тапсырма.
Әр топ өздерінің таңдаған ақпараттарын дәлелдейді. (Осы жерде оқушылар тақырып пен идеяны қозғау керек. Бұл негізгі ақпарат, себебі ол бұл мәтіннің негізгі ойын көрсетіп тұр, мынау жанама ақпарат себебі негізгі ойға қатысы аз (немесе жоқ)
2-тапсырма. Негізгі ақпаратты пайдалана отыра 3 сұрақ құрастырып жазыңыз.
Жанама ақпаратты пайдалана отыра 3 сұрақ құрастырып жазыңыз.
Тапсырманы орындаған соң оқушылар сағат тілімен ауысып, бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. Оқылымсоңы кезеңі. «Тіршіліктің иесі – Ана, өмірді жалғастырушы да Ана» тақырыбында монолог құру керек. Монолог барысында төмендегі ақпаратты пайдалануға болады:
Кері байланыс. /Әр оқушыға мұғалім кері байланыс береді/ | Слайд 4 | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 1 мин | Рефлексия Үйге тапсырма: 1 – деңгей – Ана туралы 2 шумақ өлең шығарады 2 – деңгей 30-40 сөзбен анасына алғыс жазады 3 – деңгей Анасына құттықтау қағазын жасайды. | |||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||||||||
Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Топта бірлесіп оқыту. | Тапсырманың орындалуын, және өздерінің берген жауаптарын дәлелдей алу. | Пәнаралық байланыс – биология. | ||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Топтық жұмыс 2:Бағалау Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Берілген уақыт бойынша жұмыс жасау 2: Белсенді әдістерді қолдану Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Күтілетін нәтиже | Оқушылардың бәрімәтіндегі негізгі тақырыпты түсінеді | Оқушылардың көбімәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алады. | Кейбір оқушылар мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтай алады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?