Тіл үйренейік. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ
САБАҚ: 6-сабақ | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Угыбаева Г. А. | ||||||||||||||||
Сынып: 5Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | 1-бөлім: Мәдениет: тіл және қарым-қатынас | ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Тіл үйренейік | ||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Алған білімді қолдану сабағы | ||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5Ж2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру: Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу. 5ӘТН1 Орфографиялық норма: Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар Тақырыпқа байланысты жарнама жасауға қатысады; Үндестік заңын сақтайды; Көптеген оқушылар Жанрлық ерекшеліктеріне сай хабарландыру құрастырып жазады; Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескереді; Кейбір оқушылар Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазады; Жазылымда орфографиялық норма ережесін сақтайды. | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап хабарландыру жазады; Жазылымда үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін, орфографиялық норма ережесін сақтайды. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: үндестік заңы, орфография, орфографиялық норма Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: шет тілін білу, көп тіл білу, оқу орталығы, тіл үйренушілер, т.б. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тіл мәдениеті | ||||||||||||||||
Мектеп құндылығы | Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық: Өз мәдениеті мен тіліне деген құрметпен қатар өзге мәдениет пен тіл, құқ, әдеп және көзқарастарға деген құрмет сезімін білдіреді. | ||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | 5О7 Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу: Энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу. | ||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру Сынып оқушылары «Балмұздақ таяқшалары» арқылы 4 топқа бөлінеді. Ту суреттері берілген парақшаларды суырады. Қазақ тілі Ағылшын тілі Қытай тілі Француз тілі Сыныпқа сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары, жетістік критерийі таныстырылады. | Слайд | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы Дайындалу уақыты - 10 минут Жарнама уақыты - 8 минут (Әр топқа 2 минуттан) 5 минут 12 минут | Мағынаны тану ТЖ 1-тапсырма «Тіл үйренейік!» тақырыбында жарнама жасаңыздар. Әр топ өздеріне түскен тілді өзге оқушылардың үйренуі үшін қызықты жарнама жасайды. Кері байланыс
2-тапсырма Ж Жуық арада «Полиглот» оқу орталығы ашылғанын хабарлап, тіл үйренушілерді арнайы курстарға шақырыңыз. Хабарландыру жазыңыз.
Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолдануыңызға болады: шет тілін білу, көп тіл білу, оқу орталығы, тіл үйренушілер, тегін онлайн-ресурстар, шет тілінде еркін сөйлеу т.б. Бағалау
| Флипчарттар Слайд | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Менің жұмысымның жетістігі... Менің жұмысымдағы кедергі... Мен неліктен кедергілерге тап болдым? | Слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?