Елордасы елімнің Шылау. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 125 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Бөлім: Болашаққа саяхат

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

125-сабақ Елордасы елімнің Шылау

Оқу мақсаттары

4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау

4.4.2.7 сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын шылауларды (және, себебі, мен, пен) қолдану

4.3.6.1 - каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтайды, шылауларды қолданады.

Көпшілік оқушылар: мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтап, негізгі ойды тұжырымдайды, шылауларды қолданады.

Кейбір оқушылар: мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтап, негізгі ойды дәлелдер келтіріп тұжырымдайды, шылауларды қолданады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
  • Шығарма мазмұны бойынша өз ойын білдіреді;
  • Шылау сөздерді дұрыс қолданады;
  • Сөйлемдерді қатесіз, сауатты жазады.

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру, еңбекке, білім алуға бағыттау

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру

Шылау туралы, жалғау туралы білімдерін еске түсіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Ширату тапсырмасы

1. Суреттер бойынша сұрақ құрастыр. Оқушыларға ойнап жүрген балалардың суреттері беріледі. Оқушылар сурет бойынша бірнеше сұрақтар құрастырады.

 

 Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айту. Бағалау критерийлерімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.

1-қосымша

Слайд№1-3

Сабақтың ортасы

(Ж; МК; Т) А.Нұрдәулет «Балалар елін бағындыру» әңгімесін оқу.

  • Мәтінді түсініп оқиды.
  • Балаларға көмекке келген бесеудің қайсысы бірінші болу керек сұрағына өз ойларын айтады.
  • Мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды.
  • Мәтіннен шылауларды табады.
  • Спорт пен өнердің маңызы туралы дәлелдер келтіре отырып өз ойларын білдіреді.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар өз ойын білдіру кезінді мұғалім жетекші сұрақтар қойып, қолдау көрсетеді.

Дескриптор:

  • Мәтінді түсініп оқиды;
  • Мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
  • Өз ойын дәлелдермен білдіреді.

Б. «Басбармақ» арқылы бағалау.

Ереже

Қой(ғой), қана(ғана), -ақ шылаулары өздері қатысты сөздеріне өтініш, шектеу, даралау мағыналарын үстейді.

Қой(ғой) шылаулыры өзіне қатысты сөзбен бірге сөйлемде баяндауыш болады. Мысалы: Көрші үйге барып келе ғой.

Өзі тіркескен сөзден -ақ шылауы дефис арқылы бөлініп жазылады. Мысалы: Мұның жөн – ақ.

Ма(ме), ба(бе), па(пе) шылаулыры өздері қатысты сөздерге сұраулық мағына үстейді. Мысалы: Сен сабақ орындадың ба? Жамалды көріп пе едіңіз?

(Ж) 27- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Дескриптор:

-сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазады;

- тиісті шылауларды қояды;

-шылаулардың астын сызады;

-шылаудың қай мағынада жұмсалып тұрғанын айтады.

(Т) 28-жаттығу. «Салыстыр» әдісі

Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстыр. Сұраулық шылаулардың жазылуы туралы өзің қорытындыңды жаса.

Дескриптор:

-Сөйлемдердіоқиды және салыстырады;

-Сұраулық шылаулардың жазылуы туралы қорытынды жасайды.

Б. «Жұлдызша» әдісі арқылы бағаланады.

(ЖЖ) Өзіңді тексер. «Орнын тап»

Көп нүктенің орнына шылауларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Суыр тау .. , дала... мекендейді. Сәуле ... Сара бірге келеді. Айгүл ... Айжан бір сыныпта оқиды. Асқар біздің мектепте оқи ...? Мектеп біздің үйге жақын ....

Дескриптор:

-шылауларды қойып сөйлемдерді жазады;

-сөйлемдерді жазуда орфографиялық, грамматикалық нормаларды сақтайды;

- сөйлемдерді каллиграфиялық нормаға сәйкес жазады.

Б. Оқушылар жұпта бір – бірінің жұмысын тексереді.

Шығармашылық үзіліс

Жер-су атауларын оларға тән нысандармен түйістіру арқылы жасырылған сөзді тап. Тапқан сөзіңді қатыстырып сөйлем құрастырып жаз.

Оқулық

Слайд№4

Слайд №5

2-қосымша

Слайд №6

3-қосымша

Слайд №7

4-қосымша

Слайд№8

5-қосымша

Сабақтың соңы

36-40 минут

«Бір қадам алға...»әдісі

Мұғалім бүгінгі материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтайды.

Қосымша 4

Саралау

1-тапсырмада

Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

Бағалау

«Жұлдызша» әдісі

«Басбармақ» әдісі

Дескриптор

- сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазады;

- тиісті шылауларды қояды;

-шылаулардың астын сызады;

-шылаудың қай мағынада жұмсалып тұрғанын айтады

–сөйлемдерді қатесіз, сауатты жазады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу