Әңгіме жазу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі және әдебиет

Мектеп:

Күні:

Бөлім: 7-Бөлім: Ғарышқа саяхат

Мұғалім:

Сынып: 4 Сабақ саны: 1

Оқушылар саны: ______

Келмегендер: ___

Сабақ тақырыбы:

Әңгіме жазу

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары:

4.2.6.1 аңыз, шешендік сөз, батырлар жыры, фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау 4.3.7.1 стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету; өз бетінше қазақ тілінің пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес жазба жұмысын редакциялау

 Сабақ мақсаты:

Оқыған мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды. Автордың ойын мәтіннен деректер келтіре отырып дәлелдейді.

Бағалау

критерийлері:

Өз бетінше қазақ тілінің пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес жазба жұмысын редакциялайды. Оқыған мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды. Автордың ойын мәтіннен деректер келтіре отырып дәлелдейді.

Құндылықтарды

дарыту

Еңбек пен шығармашылық, өмір бойы білім алу/ жаһанды азаматтылық, көпұлттылық

АКТ қолдану

Ақпараттық мәтіндер, жаңа сөздер, тыңдалым бейнебаян.

Пәнаралық байланыс

Ғылымға кіріспе, математика

Осыған дейін меңгерілген білім

Бейтаныс планетаға жету

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

0-3 мин

3-8 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Балалармен амандасу

Сабаққа дайындалғанын тексеру.

ІІ.Қызығушылықты ояту.

Логикалық сұраққа жауап беру.Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген? (Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған.)Тапсырмадан үстеулерді тауып, қай түрі екенін анықтау.Ішінде- мекен үстеубір күні- мезгіл үстеуІОқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Көру диктанты:

Самғап биік, туы көкте,

Сорғалайды қырандар -

Олар білсең ғарышқа

Оқтай ұшқан зымырандар.

Оны көрген алып дер,

Жарқылдаған от қандай!

Шіркін, болсам ғарышкер

Талғат пенен Тоқтардай!

Презентация

Логикалық сұрақ

презентация

8-35 мин

ІІІ.Негізгі бөлім

1.Оқушыларды 4 топқа бөлу. Олар:АңызШешендік сөзБатырлар жырыФантастикалық әңгіме

2.«Галерея» әдісіАталған жанрлар туралы ақпарат қабырғада жазылып тұрады. Оқушылар өздеріне сәйкесін таңдап алып, мысалдар келтіреді. Неге бұл ақпаратты таңдағанын түсіндіреді.

Тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.

Ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады.

Қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен Тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. 

Көзге елестету өнері — әдебиеттің өмір шындығын қиял тұрғысында әсірелеп бейнелейтін жанры.

Көзге елестету өнері) — әдебиеттің өмір шындығын қиял тұрғысында әсірелеп бейнелейтін жанры.

Әр топқа осы жанлардан үзінділер беріледі. Топта талқылап, қай жанрға жататынын анықтайды.

Фантастикалық әңгіме

Осы ғасыр басталған кезде біздің жерлік бір топ ғалым «Балықтар» шоқжұлдызына құпия түрде аттанып, бір-екі жылдан кейін қайта оралған-тұғын. Іс-сапармен кеткен он ғалымның бірде-бірі сапар туралы тіс жарып айтқандығы туралы естіген емеспін. Ол – ұлттық құпия болып саналып, оны білуге талпынғандардың бәрі жұмбақ жағдайда қаза тапты. Сол зертеуге қатысқандардың екеуі ақыл-есінен толықтай айрылып, ақыр соңында қаза тапты. Біреуі іс-түссіз жоғалып кетті. Мен өз пікіріме күмәнсіз сенетінім де осында. Олар «уақыт машинасын» жасаған және оны білуге талпынғандар мен байқаусызда кез болғандарды өткен уақытқа аттандырып отырған. Айтпақшы, сен де сол сапарға қатысқан онның бірі емессің бе? – деп көзі шарасынан шыға жаздаған ол шығар есікке тұра ұмтылды.

« Патшаның даналығы»

Бір дана патша өмір сүріпті. Оған оның ұлы бір күні, әке сені елдің бәрі дана, көрегені көп, ақылды деп сыйлайды, сен осы сол даналықты қайдан оқып білдің, қандай кітаптар оқыдың,сені қандай мұғалімдер оқытты,-деп сұрақ қояды.

Сонда әкесі:

* Ұлым мен ел оқыған, сен де оқып жүрген кітапты оқыдым. Менің де ұстаздарым сен білім алып жүрген ұстаздар болды. Бірақ ел айтып жүрген парасаттылық, ақалдылықты тек олардан ғана емес өмірден, табиғаттан да алдым.

Құмырсқаларды байқап жүріп,олардың еңбекқорлығына, шыдамдылығына, қайтсе де алдыға қойған мақсатқа жетудегі талпыныстарына қызықтым. Бүркітке қарап байқағыштыққа, тез шешім қабылдай алушылыққа үйрендім. Барыстан — ептілік пен шыдамдылықты. Бөдене құсқа қарап сүйіспеншілікке, қоршаған адамдарына жанашырлық көрсетуге. Нағыз даналық пен ақылдылық әр кезде біздің қасымызда жүреді. Тек адамның көзі, құлағы, жүрегінің есігі оған ашық болуы керек.

Жау келгенін білген соң,Бұл әскерді көрген соң,Сары ала туы салбырап,Сауытының шашағыТұс-тұсына саудырап,Қабағынан қар жауып,Кірпігіне мұз қатып,Томаға көзді Тарланды Жауға қарай тебініп,Жалмауыздай емініп,Толып жатқан әскерге Келді Тарғын желігіп.Алты құлаш ала атпен,Үсті толған болатпен,Сайдан шыққан қолатпен,Көңілін тоқсан бөледіБұ да айтулы ер еді,Келе жатқан Тарғынды,Сонадайдан байқап көреді.Қалмақ-дағы болмаған,Домбауыл деген бір жайсаң,Жекпе-жекке Тарғынға,Соғысуға келеді.

Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жиып: —     Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? — депті. Жиналған халық көп дағдарып:                           

   Үш арсыз; ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.                              Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып,— деп шешіпті. Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты. Сонда Жәнібек хан: —     Елде келмеген кім қалды? — деп сұрапты. —     Келмеген Қарабас шешен қалды,— депті халық. Жәнібек Қарабасты шақыртып алып әлгі сөздің шешуін содан сұрапты. Сонда Қарабас:—Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой! — депті де:                                Оты жоқ жер жетім,                                Басшысы жоқ ел жетім.                                Елінен ауған ер жетім,                                Тыңдаусыз сөз жетім,                                Жоқтаусыз қыз жетім,— дейді.

Сөздер жазылған қима қағаздар

Жанрлар туралы ақпарат

Жанрлардан үзінді

35-38 мин

38-40 мин

Сабақты бекіту.

«Бағдаршам» бойынша өзін-өзі бағалау.

«Жеделхат жазу»

Өз қалауы бойынша біреуге жеделхат жолдайды. Жеделхатта сабақта болған жайды қысқаша мәлімдейді.

Қосымша мәлімет

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта білім деңгейіне байланысты, тапсырмалар мен сұрақтар қолдану

Топтық жұмыс барысында өзін-өзі бағалау.

Қоршаған орта туралы ғаламдық мәселелерді қарастыру, НЗМ құндылықтарын дамыту

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу