Жанартау туралы фильмдерді талдау. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 5: Табиғи құбылыстар

Күні:

Мектеп:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Жанартау туралы фильмдерді талдау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу, тыңдағаны бойынша пікір алмасу

Сабақ мақсаттары

Тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарды түртіп алып, пікірлеседі.

 Сөздік қор

Жанартау, атқылау

 Бағалау критерийі

Тыңдаған материал бойынша өз ойларын айтады.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек пен шығармашылық

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқу үшін өлеңдер жазу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал:

 Күн сәулесінің жылуын бір-біріне сыйлау

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым, дара тілім.

ІІ. (Ұ)Қызығушылықты ояту.

Жанартау туралы қандай ақпараттарды білесіңдер? (оқушылар өткен сабақта алған білімдерін қайталайды)

1963-жылы су асты жанартауы атқылап, теңіз деңгейінен көтеріледі. Нәтижесінде Исландияның оңтүстік-батысындағы Суртсей аралы қалыптасады. Бүгінгі таңда Суртси ауданы - 2,5 шаршы шақырым. Арал Норвегия мифологиясындағы отты алып Суртаның құрметіне аталған.Жанартаудың атқылауы VEI шәкілі бойынша өлшенеді. 0 ең осал атқылау болса, 8 - ең қауіпті түрі.Индонезияның Тоба өзеніндегі жанартау осыдан 75 мың жыл бұрын атқылаған. Нәтижесінде жердің магма қоры уақытша таусылып, мұз дәуірі басталады. Бұл құбылыс атмосферада күкірт қышқылының пайда болуына түрткі болады.1980-жылы 18- мамырда атқылаған Сент-хеленс жанартауы 500 атом бомбасының қуатына тең. Ғалымдар оны орта сатылы жанартаулар қатарына енгізеді.

Есте сақтаған ақпаратты дәптерге жазу. Ой бөлісу.

ІІІ. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Презентация

Сабақтың ортасы

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту.

Йеллоустон Ғаламат жанартау видео көру. Видео көрер алдында оқушылар ақпараттарды түртіп отырады. Кейін топта талқылап, сол ақпаратқа сүйеніп басқа топтарға сұрақтар қояды.

Топтық жұмыс:

Мақсаты: Оқушылар өздерінің жауаптарын тыңдап, әділ бағалауды үйренеді.

Бағалау критерийлері:

  • берілген тақырып көлемінде негізгі ойды айтады
  • ақпарат жайлы пікір алмасады
  • бірінің ойын бірі толықтырады

Жанартау атқылауынан пайда болған тау жыныстары

Жанартаулық тау жыныстары, вулканиттер – жанартау атқылауынан пайда болған тау жыныстары. Тау жыныстары магманың лава күйінде жер бетіне ағып шығып қатаюынан қалыптасады. Олардың пішіні лаваның тұтқырлығы мен сол ауданның жер бедеріне байланысты күмбез, конус тәрізді төбелер болып қалыптасады. Жанартаулық тау жыныстары Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен тараған: олармен темірдің, полиметалдың, мыстың, марганецтің, күкірттің, алтынның және басқа да элементтердің кендері бірге кездеседі. Құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданылады. Жанартаутекті шөгінді жыныстар – жанартаулық және шөгінді материалдардан тұратын тау жыныстары .

Жанартаутекті шөгінді кендерге Орталық Қазақстанның темір-марганец, Кенді Алтайдың полиметалл кен орындары жатады. Сонымен қатар кен орындары Солтүстік Қазақстанда , Шығыс Қазақстанда (Семейтау, Тарбағатай, Зайсан), Алматы (Жоламан, Малайсары), Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында белгілі.

Бірнеше жұптарға мынадай тапсырмалар беріледі. (жұптарды мұғалім өзі таңдайды)

  • Мәтін ішінен жалпы және жалқы зат есімдерді теріп екі топқа бөліп жазады.
  • Мәтін ішінен сын есімдер теріп жазады.
  • Бірыңғай сөйлем мүшелерін теріп жазады.
  • Мәтін бойынша жанартаудың зияны мен әкелетін қаупі туралы сөйлемді жазу.

https://www.youtube.com/watch?v=Yh1oa1Pyk1I

01,47 мин дейін

Сабақтың соңы

Сабақты бекіту.

«Теллеграмма жазу»

Сабақтан алған бір қызықты ақпарат туралы хабарлама беру.

Өзін-өзі бағалау. «Сөйлемді аяқта»

  • Мен .... білдім.
  • Маған .... қиын болды.
  • Қиындықты жеңі үшін мен ..... істеуім керек.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық жұмыс

Тыңдаған материал бойынша өз ойларын айтады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша мәлімет

Жер сілкінісінің жойқын күшінің әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аумақта 6 млн. халық тұрады. 27 қала, 400 ден астам елді мекен бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа шоғырланған.Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмо қауіпті аймақта тұр. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының отыз проценті шоғырланып, тұрғын үй қорының отыз бестен аса проценті орналасқан. Республика халқының қырық проценті тұрады. Жер сілкінісі қауіпті аумақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндірісті өнеркәсіп орындары, жасанды су қоймалары, жарылыс қаупі бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу