Поэзиялық шығарманы оқу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 5: Табиғи құбылыстар

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Поэзиялық шығарманы оқу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1 Оқу түрлерін қолдану

Сабақ мақсаттары

4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтіннен деректер келтіре отырып дәлелдеу

4.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды «қимыл, ым – ишара) және қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманды қызықтыру

 Сөздік қор

Алаш, кең ақыл, жүйрік қиял

 Бағалау критерийі

Оқу түрлерін дұрыс қолдану, сұрақтарға жауап беруге жаттықтыру.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Т.Айбергенов Аппақ қыс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2.(Ұ)Қызығушылықты ояту. «Ыстық орындық» әдісі

Ортаға 3 оқушы шығып, Үйде «Қыс кереметтері» тақырыбына жазып келген әңгімелерін оқиды. Қалған оқушылар кері байланыс жасайды.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Презентация

Сабақтың ортасы

3. Тақырыпты ашу

Оқушылар берілген жұмбақтарды шешеді. Жауаптарын 1 оқушыдан шығып, тақтаға жазады. Сол сөздердің бірінші әріптерінен «Көкшетау» сөзін шығарады.

Шыққанда шығыны жоқ,

Жауса жауын бүйірі тоқ,

Қыста жылтыр қақ болар,

Түртінектеп тынымы жоқ. (Өзен)

Үлкен, үлкен түйені

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп. (Тау)

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)

Аспандағы әсем белбеуді,

Алып белге буынсам. (Кемпірқосақ)

Мөлдiреген жүзiмдi,

Ұстап едiм, езiлдi. (Шық)

Төрт аяғы бар,

Басында екі таяғы бар,

Иегінде екі сақалы бар. (Ешкі)

Таңмен көзін ашады,

Әдемге нұр шашады. (Күн)

Дауысты да, дауыссыз да бола алатын дыбыс (у)

4. Оқулықпен жұмыс

- Ілияс Жансүгіров туралы не білеміз?Қазақ халқының аса дарынды ақындарының бірі. Балаларға арналған «Балаларға базарлық», «Малта» деген кітаптары бар. «Көкшетау» өлеңімен танысу.а) Мұғалім мәнерлеп оқиды.ә) Оқушылар іштерінен оқып, түсініксіз сөздерді түртіп алады.

Б) Түсініксіз сөздермен жұмыс.

5. Топтық жұмыс

1-топ: Таудың әсемдігі мен көркемдігі өлеңнің қай шумақтарында айтылған?

2-топ: Ақын суреттеген таудың биіктігі өлеңнің қай жолдарынан көрінеді?

3-топ: Ақын тауды кімге теңейді?

4-топ: Өлеңнен бейнелі , көркем сөздерді табу. Қандай тау? Қандай тас?

6. Грамматикалық тапсырма

Берілген сөйлемдерге тиісті одағай, қыстырма сөздерді қойып жазу.

......., Көкшетауға келгеніміз жақсы болды! ........, таудағы тасқындаған ағын суын көрер ме еді! ....., көре алмай қалдым-ау! ....,бұл әсем таулардың бірі. ........, көкшетаудың сұлулығы неде?

Қажетті сөздер: Сіздіңше, бәрекелді, әттеген-ай, шіркін, меніңше.

Жұмбақтар

Оқулық

Тапсырмалар

Сөйлемдер

Қажетті сөздер

Сабақтың соңы

«Қар қиыршықтары» ойыны.Оқушылар өлеңнен бір сұрақты қағазға жазып, умаждап лақтырады. Әр оқушы түскен сұраққа жауап береді.

Үйге: «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқуға жаттығу.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыс

Мәнерлеп оқу, теріп оқу, қажетті ақпаратты өлеңнен табуын бағалау. (оқушылар топтардың жұмысын «2 жұлдыз 1 тілек» стратегиясы арқылы бағалайды.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу