file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Табиғаттың таңғажайып құбылыстары. Маңғыстау. Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал.


Әнші құм Оқжетпес ЖұмбақтасМаңғыстау

Маңғыстау

Маңғыстау- Алтайдан Атырауға дейін көсіліп жатқан «Байлық тұңған түбек».Ол «мың қыстау» сөзінен шыққан.Маңғыстауды картадан қарағанда әйел адамның сұлбасы көз алдыңа елестейді. Академик Қаныш Сәтбаевтың бұл өңірді «ұйқыдағы аруға» теңеуі тегін емес. Көктен қараған адамға құлазыған құла түз көрінетін Маңғыстау небір ғажайыптармен ерекшеленеді. Маңғыстауда табиғи ескерткіштер, ежелгі құлпытастар мен көшпенді ата-бабаларымыздың қолтаңбалары самсап тұр.

Сондай-ақ Маңғыстауға Үстірт жоны мен Қарақия ойпаты қайталанбас өң береді. Қиялда ғана кездесетін қиыр-шиыр, шым-шытырық жер бедерін ежелде мұхит суының ағындары мен толқындары қалыптастырған.

Миллиондаған жылдар бойы түзілген ғажайып жер реңі белгісіз бір жұмбақ планетаны елестетеді. Құдіреттің өзі тұңғиық су асты әлемінің құпия көрмесін қолымен әкеп орнатқандай. Мұндағы бір өзі бір көлдің аумағындай алып қазан шұңқырларды, тереңдігі жүздеген метрге жететін шыңырау құдықтарды, біріне бірі жалғасып жатқан зәулім үңгірлерді, айсбергтерге ұқсайтын ақ шаңқан тауларды, жер астын жарып шыққан ащы сарқырамаларды, көзге көрінбейтін, күркіреген үні ғана естілетін тұңғиықтағы өзендерді әлемнің басқа түпкірінен кездестіру қиын.

«Қазақстан табиғат ғажайыптары» кітапшасынан

1-топтың тапсырмасы:Кімнің? Ненің? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып, жалғауын анықтаңдар.Біз табиғаттың құбылыстарын бақылаймыз. Мен жаңбырдан кейін кемпірқосақтың шыққанын тамашаладым. Асан найзағайдың жарқылынан қорқады. Қойшы жаңбырдың астында қалды.

2-топтың тапсырмасы:Көп нүктенің орнына барыс септігіндегі тиіті сөзді жазып, жалғауын анықтаңдар.............. шықсам қар жауып тұр екен. Қар ............. шағылысып жалт-жұлт етеді. Мен ауыл сыртындағы балалар ойнап жүрген ................ қарай асыға жүгірдім. Онда көп балалар ойнап жүр екен. Балалар аяздан қызарып кеткен беттерін уқалап, ................. қызу кіріскен екен. Мен де балалардың

батып, кеш болып қалғанын да байқамай қалыппыз. Күн қараңғыланған кезде бәріміз ................ қайттық.

Қажетті сөздер: күнге, қызыққа, далаға, үйге, төменге, дөңге, ойынға.

3-топтың тапсырмасы:Берілген сөздерге барыс септігінің жалғауын қосып жазыңдар.Сөз тіркестерін құрастырыңдар.дала, көл, су, теңіз, мұхит, қар, нөсер, кемпірқосақ, дауыл, жел, аяз, боран;

Көптік жалғаулы зат есімдердің септелуі.

 Көптік жалғау жалғанған зат есімдер

дұрыс + /

қате -

Қате жалғанған жалғаулардың дұрыс жалғануын көрсет

Септік атауы

бұлттардың

найзағайлар

құсдарға

борандар

құбылыстер

өзентер

 

көллермен

 

жапырақлар

мұхиттарды

 



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу