Табиғаттың таңғажайып құбылыстары. Маңғыстау. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Табиғат құбылыстары Күні: | Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Табиғаттың таңғажайып құбылыстары. Маңғыстау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) және қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманды қызықтыру 4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Маңғыстау, Жұмбақтас, Оқжетпес, Үстірт, Қарақия, т.б. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу, жалпы азаматтық құндылықтар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қазақстанның көрікті жерлері туралы біледі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-10 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. ІІ.Қызығушылық-мотивациялық кезеңі «Жасырын сөздерді анықта» ойыны Оқушыларға сөздер беріледі. Бір оқушы ортаға шығып, вербалды емес тілдік құралдарды немесе қратпа, қыстырма, одағай сөздерді қолдана отырып, сөзді жасырады. Жасырылған сөздер: Әнші құм, Оқжетпес, Жұмбақтас, Маңғыстау, т.б. ІІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты мен таныстыру, бағалау критерийлерін шығару. | Суреттер презентация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10-35 минут | (МК), (Ұ)Мәтінмен жұмыс. Тапсырма:
Маңғыстау Маңғыстау- Алтайдан Атырауға дейін көсіліп жатқан «Байлық тұңған түбек».Ол «мың қыстау» сөзінен шыққан.Маңғыстауды картадан қарағанда әйел адамның сұлбасы көз алдыңа елестейді. Академик Қаныш Сәтбаевтың бұл өңірді «ұйқыдағы аруға» теңеуі тегін емес. Көктен қараған адамға құлазыған құла түз көрінетін Маңғыстау небір ғажайыптармен ерекшеленеді. Маңғыстауда табиғи ескерткіштер, ежелгі құлпытастар мен көшпенді ата-бабаларымыздың қолтаңбалары самсап тұр. Сондай-ақ Маңғыстауға Үстірт жоны мен Қарақия ойпаты қайталанбас өң береді. Қиялда ғана кездесетін қиыр-шиыр, шым-шытырық жер бедерін ежелде мұхит суының ағындары мен толқындары қалыптастырған. Миллиондаған жылдар бойы түзілген ғажайып жер реңі белгісіз бір жұмбақ планетаны елестетеді. Құдіреттің өзі тұңғиық су асты әлемінің құпия көрмесін қолымен әкеп орнатқандай. Мұндағы бір өзі бір көлдің аумағындай алып қазан шұңқырларды, тереңдігі жүздеген метрге жететін шыңырау құдықтарды, біріне бірі жалғасып жатқан зәулім үңгірлерді, айсбергтерге ұқсайтын ақ шаңқан тауларды, жер астын жарып шыққан ащы сарқырамаларды, көзге көрінбейтін, күркіреген үні ғана естілетін тұңғиықтағы өзендерді әлемнің басқа түпкірінен кездестіру қиын. «Қазақстан табиғат ғажайыптары» кітапшасынан /Оқушылардың жауаптары тыңдалып, кері байланыс жасалады,жаңа ақпарат түсіндіріледі/. Мұғалім оқушылардың іштей мәтінді түсініп оқуын жүзеге асырады.Мәтінде қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойдырып, қойылған сұрақтардың әртүрлі екендігіне назар аудартады: Маңғыстау-не?; Маңғыстауды-нені?; Маңғыстауда-қайда?/неде?/; Маңғыстауға-қайда?/неге?/. Сұрақтардың ретіне қарай зат есім жалғауларының өзгеретіндігі байқатылады. Бұл жалғаулардың (-ды;-да;-ға) сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданылатындығы және оның септік жалғаулары деп аталатындығы танытылады. Салыстыру, көрнекілік әдістері арқылы зат есімді септеудің жай және тәуелдеулі түрлері үйретіледі. /Жай септеу Тәуелдеулі септеу (Ө,Ж) «Сөздің орнын тап» ойыны. Ойын шарты бойынша оқушылар септелген сөздерді септіктер ретімен орналастыруы қажет: Желге, боранда, күнмен, аязды, қардың, жаңбырдан, тұман. Орналастыру реті:Тұман, қардың, желге, аязды, боранда, жаңбырдан, күнмен. Тапсырма орындалып болған соң, дайын нұсқа бойынша оқушылар жұппен қағаздарын алмастырып, бір-бірін тексеріп, өзара бағалайды. (Т) «Ойлан. Тап. Анықта». Мақсаты: зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу 1-топтың тапсырмасы:Кімнің? Ненің? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып, жалғауын анықтаңдар.Біз табиғаттың құбылыстарын бақылаймыз. Мен жаңбырдан кейін кемпірқосақтың шыққанын тамашаладым. Асан найзағайдың жарқылынан қорқады. Қойшы жаңбырдың астында қалды. 2-топтың тапсырмасы:Көп нүктенің орнына барыс септігіндегі тиіті сөзді жазып, жалғауын анықтаңдар.............. шықсам қар жауып тұр екен. Қар ............. шағылысып жалт-жұлт етеді. Мен ауыл сыртындағы балалар ойнап жүрген ................ қарай асыға жүгірдім. Онда көп балалар ойнап жүр екен. Балалар аяздан қызарып кеткен беттерін уқалап, ................. қызу кіріскен екен. Мен де балалардың ортасына кіріп, шанамен ................ қарай сырғанадым. ............ батып, кеш болып қалғанын да байқамай қалыппыз. Күн қараңғыланған кезде бәріміз ................ қайттық. Қажетті сөздер: күнге, қызыққа, далаға, үйге, төменге, дөңге, ойынға. 3-топтың тапсырмасы: 1-Берілген сөздерге барыс септігінің жалғауын қосып жазыңдар.Сөз тіркестерін құрастырыңдар.дала, көл, су, теңіз, мұхит, қар, нөсер, кемпірқосақ, дауыл, жел, аяз, боран; 2-Көптік жалғаулы зат есімдердің септелуі.
/Тапсырма ұжым алдында қорғалып, өзара бағаланады, кері байланыс жасалады/. | Мәтін терілген қима қағаздар Зат есімнің септелуі https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B5%D0%BF%D1%82%D1%96%D0%BA Презентация Қима қағаздар Постерлер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 минут мин | Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр» әдісі -Бүгін мен ...................... түсіндім. -Маған ...................... қызықты болды. -Маған ........................... қиындық туғызды. Өзін-өзі бағалау «Жетістік жолы» арқылы өздерін бағалайды. | Жетістік жолы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Топтар бойынша тапсырмалар орындау | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды